Онлайн газет



ЙОД ТАПШЫЛЫҒЫ АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Йод тапшылығы аурулары деп- қалқанша без қызметінің бұзылуынан туындайтын науқасты айтамыз. Негізінен бұл дерт ағзадағы йод мөлшерінің төмендеуінен туындайды. Әсіресе, балалардың интеллектуалдық дамуын тежеп, туа біткен түрлі кемістіктердің болуына әкеп соғады. Сәбилер өлімін өсіріп, жүйке жүйесі бұзылуының (мәселен, көру және есту мүмкіндіктерінің шектелуі) басты факторы болып табылады.
Ересек адамдар үшін йод қабылдаудың нормасы тәулігіне 150-ден 200 микрограмм болуы тиіс. Ал, жүкті және бала емізетін әйелдер үшін көрсеткіш 200-300 мкг-ге дейін көтеріледі. Тағамдардың арасында йод мөлшері мейлінше жоғары өнім деп-теңіз балықтары мен теңіз өнімдерін (800-1000мкг/кг) айтуға болады. Әсіресе, теңіз балдырлары. Халық арасында танымалы- теңіз қырыққабаты (ламинария). Сондай- ақ йод балық майында да көп. Одан кейінгі сатыда-сүт, жұмыртқа, ет және бидай өнімдері тұр. Йод тапшылығын қазірде қарапайым тұзды бұл өніммен байыту арқылы жоюдамыз. Йодталған тұз нанға, су мен өзге де өнімдерге қосылады. Сөйтіп, әр адам күнделікті ағзаға қажет мөлшерді алуда. Адам күн сайын йодталған тұзды тағам арқылы ала отырып, ағзаға қажет микроэлементтің тәуліктік сұранысын қанағаттандырады.
Айта кету керек, бұл йод тапшылығын алдын алудың ең тиімді әдісі. Өйткені, тұз- тағамға арнайы өңделмей қосылатын жалғыз минерал болып табылады. Калий йодты көп уақытқа сақтау кезінде де, тағамды термикалық өңдеу кезінде де өз күшін жоймайды. Және өнімдердің түсі мен дәмі де оған еш әсері жоқ. Шындап келгенде, йодпен қаныққан тұз-дәрі емес. Ол қарапайым тағам, нақтырақ айтсақ, профилактикалық өнім. Сондықтан, оның адамға еш кері әсері жоқ. Қазақстан Республикасының «Йод тапшылығы ауруларын алдын алу» туралы заңы арқылы ел тұрғындарының бұл сырқатқа қарым- қатынасы реттеліп отырады. Әсіресе, профилактикалық іс- әрекеттер. Бұл ретте, йодпен байытылған тұзды және сол секілді өзге де өнімдерді өндіру науқаны, тасымалдау мен саудалау, сапасы мен қауіпсіздігі заңды тұрғыда бақылауға алынған.

Роза Пірімқұлова, 
аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы  басшысының орынбасары.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1542
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3169
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26740
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909611

Серіктестер