Онлайн газет



ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІІ сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімінің міндетін атқарушы Болат Сағынбеков, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.
Сессияны аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев ашып, жүргізіп отырды.
Сессияда «Байзақ  ауданының  Құрметті азаматы» атағына ұсыныс енгізу жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы «Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы №63-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімі аппаратының басшысы Еркін Зәуірбеков баяндады.
Аудандық мәслихаттың шешімімен Р.Қасымов, О.Ибрагимов, Ө.Нұрбаевтар комиссия құрамынан шығарылып, олардың орнына  аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков (төраға), аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысы Жанат Асанқұлова (хатшысы), «Ақжол -7» шаруа қожалығының жетекшісі Бағдат Момыновтар (мүшесі) комиссия құрамына енгізілді.
Сессия соңында Б.Ақбаев депутаттарды келесі кезекті сессияның күн тәртібімен таныстырып, оған дайындықпен келуді ескертті.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1563
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3190
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26761
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909632

Серіктестер