Онлайн газет



БАЛА - БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның» кезекті кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа ауыл, ауылдық округ әкімдері, білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары мен олардың құқық және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, учаскелік полиция инспекторлары қатысты.
Отырысты аталған комиссияның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов ашып, жүргізіп отырды.
Аудан әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы»  КММ-нің 9 айда атқарған есебі, кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстары туралы» орталық директоры Мұхтар Қозбаев баяндады.
Мұхтар Өмірғалиұлы өз баяндамасында тиісті кезеңде атқарылған жұмыстарын слайд арқылы көрсете отырып, айтып шықты. Ауданда 14-35 жас аралығында 31498 жас тұрады. Орталық тиісті кезеңде олармен 73 іс-шара өткізіп, оған 940 жас қамтылған. Бұлардан басқа ауылдық округтерде «Жемқорлыққа жол жоқ», «Жемқорлықсыз болашақ», «Жастар жемқорлыққа қарсы», «Есірткіге жол жоқ», «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес», «Құқықтық тәрбие негізі отбасынан басталады», «Қылмыс-қоғам дерті», «Қылмыссыз қоғам» тақырыптарында іс-шаралар  өткізіліп, жоғары сынып оқушыларынан сауалнамалар алынған.
«Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру жөніндегі жол картасының орындалуы туралы»  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Байзақ аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрболат Мамырбаев есеп берді.
Өз есебінде Нұрболат Серікұлы 5-11-сынып оқушыларының арасынан деструктивті және аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім оқушылардың тәуекел топтары анықталғаны, 59 мектеп психологтарының балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және олардың  құқықтары  мен саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында «Бестерек» жобасы аясында біліктіліктерін арттырғанын жеткізді. Сондай-ақ педагог-психологтарға арналған “Қауіпті мінез-құлықтың алдын алу” тақырыбында аудандық онлайн семинар-тренинг өткізілгені, Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі базасында  «Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізілгенін атап өтті. Бұлардан басқада  педагог-психологтар арасында балалардың мінез-құлықтарындағы өзгешеліктерді анықтауға байланысты жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.
Рүстем Қасымов аудан халқының үштен біріне жуығы жастар болғанымен «Жастар ресурстық орталығының» жұмысына көңілі толмайтындығын білдірді. Әрбір ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі мамандар ауылдағы жастар арасындағы ахуалды  біліп отыру керектігін атап өтті. Олар ауылдардағы полиция инспекторлары, спорт нұсқаушыларымен бірлесе жұмыс істеулері қажеттігіне тоқталды.
«Жастар ресурстық орталығы»  мен аудандық  білім бөлімі  жоғарыда атап өткендей жұмыстар жасап жатқанымен оның нәтижесі көрінбей отыр. Олай дейтініміз балалар арасында бұзақылықтар  кездесуде. Бір айда  5 құқық бұзушылық орын алған.
Рүстем Қалмұхамбетұлы Амангелді, №1 мектеп-гимназия, Ақшолақ, Қостөбе, Бурыл мектептеріндегі оқушылар арасындағы  құқық бұзушылыққа байланысты аталған мектептердің директорларынан құқық бұзушылықтың себебі, олармен  қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын сұрады.
Білім саласының басшылары жауапкершілігі жоғары болғандықтан 7  мектепте директордың құқық және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлардың  орны бос екендігін алға тартты. Сондай-ақ аудандағы 44 мектепте 8-ақ полиция инспекторы жұмыс істейтінін айтып, олардың қатарын көбейтуді сұранды.
Отырысқа  қатысқан ауыл, ауылдық округ әкімдеріде оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың  алдын алуға байланысты өз ұсыныстарын айтты. Онда алдымен ата-анамен жұмысты күшейтуге  екпін берілді. Балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, бұл ретте мектептерде олардың қызығушылығын арттыратын үйірмелерді беру керектігіде  баса айтылды. Балалар арасындағы қатыгездік, суицид, басқада теріс әрекеттер смартфондар арқылы келетіндіктен, оларға оны ұстатпау жағыда сөз болды.
Кеңес отырысын қорытындылаған  Рүстем Қасымов «Бала-біздің болашағымыз» екеніне тоқтала келіп, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың  алдын алуымыз керектігін айтты. Бұл ретте мектептер мен «Жастар ресурстық орталығы» полиция қызметкерлерімен бірлесе жұмыс істегендері жөн. Көп қылмыс түнде жасалады. Оқушылардың  түнде жүрулеріне  тыйым салынған. Сондықтанда кешкісін рейдтер ұйымдастыру қажет. Ата-аналармен байланысты күшейтуде нәтижеге қол жеткізудің бірден-бір жолы екенін атап өтті.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 18.10.2024 11:05
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін243
mod_vvisit_counterКеше1193
mod_vvisit_counterОсы аптада8292
mod_vvisit_counterӨткен аптада9056
mod_vvisit_counterОсы айда6948
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2933963

Серіктестер