Онлайн газет



ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Таяуда Жамбыл облыстық К.Әзірбаев атындағы филармониясының ұйымдастыруымен халық ақыны, жырау, дүлдүл әнші, көрнекті композитор Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына арналған «Шырқа, даусым!» ХІІ  республикалық  дәстүрлі  әншілер конкурсы өтті.
«Шырқа, дауысым!» республикалық ән конкурсын Жамбыл облысының әкімдігі 2001 жылдан бері ұйымдастырып келеді. Дәстүрлі  ән жарысы өңір-өңірден келген қатысушылар үшін екі жылда бір рет өтеді. Байқаудың басты мақсаты - талантты әншілерді тауып, қолдау көрсету және Кенен Әзірбаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау.
Баласағұн орталық концерт залында өткен республикалық конкурста Алматы, Ұлытау, Жетісу, Түркістан, Абай, Жамбыл облыстарынан,  Алматы және Шымкент қалаларынан келген 18 өнерпаз қатысты.
Екі кезеңнен тұратын байқаудың екінші кезеңінде үздік өнер көрсеткен, ауданымыздың намысын қорғаған  Бекарыс Көштаев Кенен Әзірбаевтың “Бал құйылды даладан”, “Бозторғай” әндері мен Қалқа Жапсарбаевтың “Сарыжазық” әнін тамылжыта орындап, көрермендердің ыстық қошеметіне бөленді. Ал Құнанбай Абылай болса Кенен Әзірбаевтың “Бұлбұлға”, “Бозторғай”, “Көкшолақ” әндерін, сонымен бірге Біржан салдың “Он екі взвод” әнін әулете шырқап, жиналғандарды тәнті етті.
Әділқазылар алқасының шешімімен Бекарыс Көштай жүлделі ІІІ орынға ие болып, арнайы дипломмен, Абылай Құнанбай Алғыс хатпен марапатталды.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін836
mod_vvisit_counterКеше1335
mod_vvisit_counterОсы аптада7104
mod_vvisit_counterӨткен аптада9628
mod_vvisit_counterОсы айда15388
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2942403

Серіктестер