Онлайн газет



БЕЛСЕНДІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Жақында  Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы,  Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі   Сағадат Нұрмағанбетовтың  100 жылдығына, Сеңкібай ауылындағы Еңбек орта мектебінде  «Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 33 жыл толуына орай»  іс-шара  болып өтті. Іс-шараны облыстағы  Қазақстан ардагерлері «Айрықша тәуекелді ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық  бірлестігінің саяси бөлім бастығы Сейтхан Қуантаев ұйымдастырды. Кездесуге мектеп директоры Айтолқын Мазболдиева, директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Нафиса Каримбаева, Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына атсалысқан ардагер Жарқынбек Исабеков пен 5,10,11-сынып оқушылары қатысты.
Алдымен Мемлекеттік Гимн шырқалып, оқушылардың патриоттық сезімдерін оятты. Сейтхан Мұратұлы оқушылардың  білім алуға деген құлшыныстарын арттыру, отансүйгіштікке, өз елінің ұлы тұлғаларын қадір тұтып, оларды құрметтеуге баулу мақсатында пікір білдірді.
-Сіздермен бүгін кездесіп отырған себебіміз биыл Халық қаһарманы Сағадат Қожахметұлының туғанына 100 жыл толады. Ол 1924 жылы Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келді. Кушка қаласындағы Түркістан пулемет училищесін бітірген. Жастайынан соғыс майданына аттанған. 1945 жылы 17 қаңтарда Сағадат Польша жерінде жау қорғанысын бұзып өту кезіндегі жауынгерлік тапсырманы ержүректілікпен орындайды. Сол  жылы сәуірде жасаған ерлігі мен батылдығы үшін оған “Кеңес Одағының Батыры” атағы берілді. Қарулы Күштердің құрылуы мен қалыптасуында аса маңызды рөл атқарған алғашқы армия генералы  Сағадат Нұрмағанбетовтың есімі ел тарихында мәңгі қалары анық.
Жастар-сендер еліміздің болашағысыңдар. Сабақтарыңды жақсы оқыңдар. Қымбат уақыттарыңды ұялы телефонға босқа құртпаңдар. Көп кітап оқып, білімдеріңді шыңдаңдар. Ұлы тұлғаларды, жауынгер батырларымыздың өмірбаяны, ерліктерімен танысып, өнеге алыңдар, - деді Сейтхан Қуантаев.
Кездесу барысында мектеп директоры Айтолқын Шәріпжанқызы, директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нафиса Базарбайқызы мен Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына атсалысқан ардагер Жарқынбек Балықұлылар  «Сағадат Нұрмағанбетовтың 100 жылдығы»  және  «Айрықша тәуекелді ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің «Рухани жаңғыру» төсбелгілерімен марапатталып, оларға Алғыс хат табыстады.
Аталған іс-шара  Жетібай ауылындағы  Жамбыл орта мектебінде  жалғасын тапты. Кездесуге  мектеп директоры Жұмағали  Күлтаев, ауылдық қоғамдастық қорының төрағасы  Жомарт Келгенбаев, мектеп қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ахмет Кенбаев, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Нұржан Жаменкеевтер қатысты. Сейтхан Мұратұлы «Семей ядролық сынақ полигоны» жабылуында атқарылған істер туралы баяндады.
Білім алушылардың  патриоттық сезімін оятып, отансүйгіштік рухта тәрбиелеп отырғандары үшін Сейтхан Қуантаев мектеп директоры  Жұмағали  Кемелбекұлы,  ауылдық қоғамдастық қорының төрағасы  Жомарт Омарқұлұлы, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Нұржан Есімұлдарын  «Сағадат Нұрмағанбетовтың 100 жылдығы»  және  «Айрықша тәуекелді ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің «Рухани жаңғыру» төсбелгілерімен марапаттап, оларға Алғыс хат тапсырды.

Айжамал УРОЗАЛИЕВА.

Обновлено 18.10.2024 10:56
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін805
mod_vvisit_counterКеше1481
mod_vvisit_counterОсы аптада8045
mod_vvisit_counterӨткен аптада12089
mod_vvisit_counterОсы айда36152
mod_vvisit_counterӨткен айда50604
mod_vvisit_counterБәрі2776322

Серіктестер