Онлайн газет



АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Кеше аудан әкімінің міндетін атқарушы Болат Сағынбеков  «Amanat»  партиясы аудандық филиалында жекелеген азаматтарды өз өтініштері бойынша қабылдады.
Қабылдауға алғашқы болып келген Көктал ауылының тұрғыны Жанар Бектасова І-топтағы мүгедек баласына берілген 1 бөлмелі пәтерді кеңейтіп беруді сұранды. Сондай-ақ қолында отырған келіні мен немерелеріне құжат алуға көмектесуді өтінді.
Темірбек ауылдық округіне қарасты Тегістік ауылынан келген Қосан Күзеков пен Ағабек Асқанов бұған дейін ауылдағы Ә.Жанқұлиев атындағы орта мектепте от жағушы болып еңбек еткен. Алдағы от жағу маусымында өздерінің бұрынғы жұмыстарында қалдыруға көмектесуді сұранды.
Сарыкемер ауылындағы Мәмбет батыр көшесі, №6 бұрылыс тұрғыны Рауан Джалғасбаева өткен жылы ғана жөндеуден өткен көшелерінің қайта бұзылып бара жатқанына налыды. Көшенің 5-6 жерінен үйлеріне су жүргізгендер орнын таптамай, асфальт төмен түсіп кеткен. Көшеге шашылған асфальт қалдықтары қатып қалған. Сондай-ақ біршама уақыттан бері жарық мәселесіде өз деңгейінде берілмей отырғанын айтып, көмек сұрады.
Кездесуге келген халықтың сұраныстарын мұқият тыңдаған аудан әкімінің міндетін атқарушы Болат Мырзаханұлы оның кейбірін сол жерде шешіп, енді бірін шешуді тиісті мекеме, округ әкімі, бөлім басшыларына тапсырды. Ал шешуі қиын деген мәселеге байланысты арнайы комиссия құрып, зерделеп барып, заң аясында шешілетінін жеткізді.
Кездесуге  «Amanat»  партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева қатысты.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 15.10.2024 10:58
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін186
mod_vvisit_counterКеше1955
mod_vvisit_counterОсы аптада2141
mod_vvisit_counterӨткен аптада12473
mod_vvisit_counterОсы айда6582
mod_vvisit_counterӨткен айда57625
mod_vvisit_counterБәрі2559881

Серіктестер