Онлайн газет



ТАРАЗДА ӨНДІРІСТІК ИНКУБАТОР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Тараз қаласында «Алель Агро» акционерлік қоғамы Жамбыл филиалының өндірістік инкубаторы іске қосылды. Аталған кәсіпорын алдағы уақытта құс шаруашылығына тың серпін беретін болады.
-Кез келген мемлекеттің әлеуеті артуы үшін ең бірінші өндіріс өркендеуі қажет. Сондай-ақ экономикалық өсімді тұрақты қамтамасыз ету үшін де жаңа өндіріс орындарын ашып, экономиканың нақты секторына инвестиция тартуымыз керек. Бұл - мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі.
Мемлекеттің жан-жақты қолдауының нәтижесінде, облыс орталығы - Тараз қаласында инвестиция игілігін сезініп келеді. Бүгінде осы бағытта  қаламызда  құны 35 миллиард теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Жобалар іске асырылғанда 944 жаңа жұмыс орындары ашылады деп көзделуде.
Сонымен қатар, құны 48 миллиард теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша арнайы келіссөздер жүргізілуде.
Осы ретте, бүгін өз жұмысын бастаған «Алель Агро» акционерлік қоғамының облыстық филиалы қаламыздағы кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтіп, дамудың жаңа белесіне бастайды деген сенімдемін,-дейді Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков.
Жылына 38 миллионға жуық балапан шығаруға әлеуеті жететін өндіріс орны 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Құны 2 миллиард 689 миллион теңгені құрайтын өндірістік инкубатор заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ инкубаторға қажет шикізаттар компанияның өз өндірісі арқылы жүзеге асырылады. Ал өнімдерді негізгі өткізу көздері-«Алель Агро» АҚ-ның меншігіндегі құс фабрикалары мен фермерлік қожалықтары.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін134
mod_vvisit_counterКеше1955
mod_vvisit_counterОсы аптада2089
mod_vvisit_counterӨткен аптада12473
mod_vvisit_counterОсы айда6530
mod_vvisit_counterӨткен айда57625
mod_vvisit_counterБәрі2559829

Серіктестер