Ауданымызда биылғы жылдың 9 айында құқық бұзушылықтың 209 дерегі тіркелсе, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 43 дерекке көбейгенін көрсетеді. Ал биылғы жылы осының ішінде алаяқтық қылмыстар 36 дерек болса, бұл өткен жылғыдан 7 дерекке азайған. Осы алаяқтық қылмыстың төмендегеніне қарамастан интернет-алаяқтық қылмыстардың тіркелуі 200 пайызға өсіп отыр. 2023 жылы осындай 4 қылмыс тіркелсе, биыл олардың саны 12-ге жетті. Былтырғы 9 айда бұл қылмыс түрінің ашылуы 83,3 пайызды құраса, биылғы 9 айда 3 қылмыс ашылып, 37,5 пайызды құрады. Осы статистикаға қарағанда интернет-алаяқтық қылмыстар бүгінгі таңда күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Олай дейтініміз аудан тұрғындарының көбісі
смартфон ұялы телефондарды қолданады және интернет желісі арқылы төлемақы, несие алу, оны төлеу және басқада операцияларды жасайды. Халықтың интернет желісін пайдаланғанын біле тұра интернет-алаяқтар яғни «хакерлер» пайда табу мақсатында өздерінің заңсыз әрекеттерін жасайды. Интернет-алаяқтарға алданбау үшін олардың көп жағдайда қолданатын алаяқтық түрлерін атап өткім келеді: 1. Сіздің ұялы телефоныңызға көбінесе орысша банк қызметкері атынан қоңырау шалады. Сіздің «Каспий», «Халық банк» немесе басқа банктерде шоттарыңыздағы ақшаны «хакерлер» алып қоймақшы ойда болады. Сізге тез арада ақшаны мына шотқа аударыңыз деп айтады. Сол уақытта сіз оның айтқанын жасайсыз, ал олар ақшаны басқа шоттарға «дроп» арқылы жібереді, содан сіз алданып қаласыз. 2. Барлықтарымызда бала-шаға бар. Сізге қонырау шалып, балаңыз полицияға ұсталды, оны шығару үшін аталған шотқа немесе ұялы телефонға ақша аударыңыз дейді. Сіз баланы ойлап, тексермей ақшаны аударып жібересіз. Ал олар «дроп» арқылы ақшаны бірнеше шоттар арқылы шығарып алады. 3. Сізге «Kcell», «Beeline» немесе «Tele2» ұялы телефон компаниясы қызметкері болып өздерін таныстырады.Сіздің қолданып жүрген ұялы телефонның абоненттік нөмірін қолдану мерзімі өтеді. Сіз осы нөмірді қайта пайдалануды жалғастырасыз ба, деп сұрақ қояды. Сіз ия, себебі барлығы осы нөмірді біледі дейсіз. Интернет-алаяқ сізге «1414» СМС хабарлама 4 саннан құрайтын кодты жібереді. Сіз осы 4 сандық кодты теріп оларға жібересіз. Қылмыскер интернет арқылы сіздің ұялы телефоныңызға қосылып, сіздің атыңыздан «Каспий», «Халық банк», «Евразия», «Центр кредит», «Хоум кредиттерден» несие толтырып алады. Ал сіз оны тек біраз уақыт өткен соң банктен кредитті төлеу күні келді дегенде бірақ біліп, алданғаныңызға өкінесіз. 4. Арамызда тез байып кетем дейтін азаматтарымыз бар және олар интернетте әр түрлі сайттарға кіріп, брокерлерге алданады. Сізге мынадай шотқа ақша жіберіңіз дейді. Сіз мысалы 10 000 теңге аударасыз. 1-2 минут аралығында телефоныңызға 20 000 теңге түседі. Сізге осы ақшаны көбейту үшін 20 000 теңгені қайта салыңыз дейді. Сіз оны салған соң 40 000 теңге түседі. Сіз 40 000 теңгені аударасыз, сізге 80 000 теңге түседі. Содан сізге ақшаны тез көбейту үшін 500 000 немесе 1 000 000 теңге сал деп айтады. Сіз келісіп «Каспий», «Халық банк», «Евразия», «Центр кредит», «Хоум кредит» банктерден несие алып, алаяқтың айтқан шотына немесе телефонына айтқан қаржысын аударасыз. Содан телефон өшеді, сіздің ақшаңыз жоқ болады. Осы ақшаны қайтару үшін сіз интернетте «өтірік», «жалған» брокер немесе менеджерді табасыз. Онымен келісесіз, ол менің жұмысым мысалы 100 000 теңге дейді. Сіз сол ақшаны тауып оған жібересіз, ол ақшаны таптым, оны «страховка» жасау керек дейді. Оған тағыда 100 000 теңге жібер дейді. Сіз жібересіз, ал ол ақшаны әкеліп беру үшін инкассатор пайдалану керек дейді. Сіз оларға тағы 100 000 теңге аударасыз. Ал қылмыскер байланысты өшіріп, жоқ болады. 5. «Хакерлер» Сіздің «whatsApp» бұзады және сіздің атыңыздан барлық бауырыңызға, таныстарыңызға тез арада ақша керек деп хабарлама жібереді. Сіз ештеңе ойламай танысыңызға қоңырау шалмай «Каспий», «Халық банк» арқылы ақшаны аударып жібересіз. Тек кейін сіздің танысыңыз, бауырыңыз хабарласып «whatsApp» бұзғаны туралы айтады. 6. Сіз «ОЛХ» немесе басқа «интернет-дүкен», болмаса жарнама арқылы ұнаған зат алмақшысыз. Мысалы, «Айфон-15» бағасы 600 000 теңге, ал сізге 300 000 теңге деп айтады және сізге «QR» шот арқылы ақша жібер дейді, сіз ақшаны «QR» шот арқылы аударасыз, бірақ телефон келмейді. Содан сіз қонырау шаласыз, ал оның ұялы нөмірі сөндіріліп тұрады. Бұл алаяқтың түрі қылмыскер интернет арқылы есеп шотты кәсіпкерден уақытша жалға алады және өзінің қылмыстарын жасап өшіріп тастайды. 7. Ақша көбейтемін деп «биткоин» немесе басқа криптовалюта алмаңыз. Қазақстанда бұл ақша операциялар заңсыз. Осы алаяқтық қылмыскерлерге алданбау үшін зат алсаңыз тек дүкендерге немесе тіркелген «Халық банк», «Каспий» интернет дүкендеріне өзіңіз барып, ұстап, көріп алыңыз. Содан соң танымайтын нөмірлерді алмаңыз, алаяқтар көбінесе орысша сөйлейді. Ондайда телефонды қойып қойыңыз. Ешкімге дербес деректеріңізді, оның ішінде байланыс деректеріңізді де бермеңіз. Банк картасы туралы деректер, бір реттік жасырын сөздерді, СМС-кодты айтуға болмайды. Бұл ақпараттар құпия болуы тиіс. Алаяқтар тұрғындарға телефон соғып, әртүрлі әрекеттерімен өз қақпандарына түсіруге әрекет жасайтындарын естен шығаруға болмайды. Білмейтін интернет сайттарға кірмеңіздер. Себебі ақшаларыңыз шет елдерге аударылып кетеді. Ал ондай ақшаларды ол жақтан қайтару өте қиын. Егерде алданып қалсаңыз, ешкімнен жасырмай тез арада «102» нөмері арқылы полицияға хабарласыңыз.
Мэлс МҮСРЕПБЕКОВ, аудандық полиция бөлімі бастығы орынбасарының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі. |