Онлайн газет



ЕҢ ТАНЫМАЛ ЕСІМДЕР АТАЛДЫ

2024 жылдың өткен 9 айында Жамбыл облыстық АХАТ бөлімінде 7966 туу туралы акт жазбалары тіркелген. «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының хабарлауынша, жаңа туған ұлдар арасында - Айсұлтан есімі, қыз балалар арасында - Асылым есімдері танымал болған.
Айта кетейік, биылғы жылы өңірде Айсұлтан есімімен 189 ұл бала тіркелді. Мұхаммед есімімен 182 бала тіркелсе, үшінші орынға аз ғана айырмашылықпен Мухаммад есімді  180 бала  жайғасты.
Ал қыз балалар арасында танымал есімдер – Асылым (290), Медина (287) және Айлин (280).
Жаңа туған нәрестелер арасында Алихан, Алдияр, Амир, Омар, Айша, Айым, Аяла, Айкөркем есімдері де жиі кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, баланың тууын тіркеуге өтініш берудің бірнеше тәсілі бар: ХҚКО арқылы, электронды үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы. Сонымен қатар, азаматтарға баланың тууын проактивті форматта тіркеу қызметі де қолжетімді. Яғни, бала туғаннан кейін бір тәулік ішінде баланың анасына қызмет көрсету үшін қажетті ақпаратты алу мақсатында кезең-кезеңмен сұрату арқылы 1414 нөмірінен құттықтау SMS-і келеді.

Меруерт Орманалиева,
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облысы бойынша филиалының Байзақ аудандық АХАТ бөлімінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін445
mod_vvisit_counterКеше1335
mod_vvisit_counterОсы аптада6713
mod_vvisit_counterӨткен аптада9628
mod_vvisit_counterОсы айда14997
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2942012

Серіктестер