Онлайн газет



КАРИЯЛАР -КАЗЫНА

А.Қайыпназарқызы,
«Ауыл жаңалығы».

Атам қазақ «Алпысқа келгеннен ақыл сұра» деген даналықты ежелден ұстанып, жасы келген адамдарды ақылдың кеніші, барлық істің көзін білетін тәжірибесі мол жандар деп, оларға

құрметпен қараған. Сөйтіп, кәрінің жасын ғана сыйлап қоймай, оның бойына жинаған ұшан-теңіз білімін, терең тәжірибесін пайдалануды да ұмытпаған. «Қариясы бар ауыл - қазынасы бар ауыл» деген нақылдың осындай пайымнан туғаны анық.
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай  «Нұр Отан» ХДП Байзақ аудандық филиалының мұрындық болуымен бірнеше қарт кісіге құрмет көрсетілді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шәметовті осынау мерекемен құттықтаған «Нұр Отан» ХДП Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов абыз ақсақалға ізгі ниеттерін жеткізіп, сый-сияпат табыстады.
Мерейлі мерекеге байланысты ерекше марапаттауға еңбек ардагері М.Халбаев та ие болды. «Нұр Отан» ХДП Байзақ аудандық филиалының Алғыс хатымен мадақталған Мэлс ағамыз, еңбегін елеп-ескерген жандарға шын ризашылығын  білдіріп, партия белсенділерінің жұмыстарына табыс тіледі.
Дәл осы күні нұротандықтар Мырзатай ауылдық округіне қарасты «Дихан -2» ауылында тұратын 100 жастағы Құрманбекова Айпаш әжейдің үйіне де ат басын бұрды. «Нұр Отан» ХДП Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов, Мырзатай ауылдық округінің әкімі Н.Есимов және «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Ә.Мырзабековтер ақ жаулықты анаға сый-сияпат ұсынып, игі тілектерін айтты. Өз кезегінде ғасырдан артық ғұмыр сүріп жатқан аяулы жан атпал азаматтарға аналық ақ батасын берді.

 

Обновлено 08.10.2012 20:39
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1428
mod_vvisit_counterКеше1764
mod_vvisit_counterОсы аптада4729
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда34332
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2241718

Серіктестер