Онлайн газет



РЕФЕРЕНДУМ – ХАЛЫҚҚА АРТЫЛҒАН СЕНІМ

Өткен аптаның жұмасы күні  ауданға іссапармен Қазақстан Республикасы Парламенті  Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков келді.
Бекболат Серікбекұлы мен аудан әкімінің  орынбасары Рүстем Қасымов  алдымен Сарыкемер  ауылының күн батыс жағындағы «Бином» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігі соғып жатқан 5 қабатты үйде болып,  ондағы жұмыстармен танысты. Әрбір бөлмелерді аралап, көрді.
Сенаторды  ондағы атқарылып жатқан  жұмыстармен құрылыс прорабы Нияз Аязбеков таныстырды. Бес қабатты үйдің құрылысы аяқталуға жақын екенін көрген Б.Орынбеков  оның сапасына, халыққа жайлылығына баса мән беру керектігін ескертті. Қасындағы екінші бес қабатты үйдің екінші қабатының қабырғалары көтерілуде  екенін көрді.
-Біз бұл әрқайсысы 60 пәтерлі 5 қабатты екі үйді биылғы жылдың аяғына қарай пайдалануға беретін боламыз,- деді Нияз Аязбеков.
Бекболат Серікбекұлы Сарыкемер ауылындағы соғылып жатқан спорттық денешынықтыру-сауықтыру кешенінің  құрылысымен танысты.  Аталған құрылыстың түрлі себептерге байланысты жұмысы кешеуілдеп  келе жатқанын сынға алды. «Bek stroy – 2010» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігі соғып жатқан  нысанды сапалы, уақытында пайдалануға беруді  жауапты мамандарға  тапсырды. Олар аталған нысан биылғы жылдың 28 қазанында пайдалануға берілетініне  сөз берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы жылғы Жолдауында «Менің тапсырмаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы  жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың соңына  дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Осы маңызды жұмысты «Самұрық-Қазына»  қоры қадағалап отыр. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаға белсене атсалысуы тиіс. Депутаттар да ортақ істен шет қалмайды деп ойлаймын»- деп атап өткен еді.
Бұдан кейін сенатор Б.Орынбеков биылғы жылы облысымызда алғашқы болып пайдалануға берілген Сарыкемер ауылындағы жайлы мектепке атбасын бұрды.
Мектеп директоры Гүлмира Есентаева алдымен қонаққа жаңа мектептің  жұмысы туралы  жан-жақты хабар беріп, мектеп ішін аралатып, көрсетті. Бекболат Серікбекұлы  пән кабинеттерін, асхана, мәжіліс залы, спорт залында болып, сәнді де сәулетті мектеп құрылысына, оның жабдықталуына ризашылығын білдірді. Бүгінде мектепте 600-ге жуық оқушы сапалы білім, саналы тәрбие алып жатса, күні ертең-ақ  мектеп жанындағы 5 қабатты 240 пәтерлі  төрт үйдің пайдалануға берілуіне байланысты бала саны еселеп артатыныда айтылып қалды.
Сапар барысында Б.Орынбеков мектеп ұстаздарымен кездесуге де уақыт тапты.
-Мемлекет басшысы халыққа арнаған биылғы Жолдауында  білім саласына ерекше  басымдық берді. 2022 жылы ұстаздар  қауымының айлықтары көтерілді.  Жаңа мектептер салынуда. Соның бірі-сіздер еңбек етіп жатқан, барлық жағдайлары жасалған осы мектеп. Жаңа мектептеріңіз құтты болсын! Осы мектептен білім алған оқушыларды биіктен көрейік.
Биылғы жылдың 6 қазаны күні елімізде жалпыхалықтық референдум өтеді. Онда  атом электр стансасын (АЭС) салу мәселесі  шешілетін болады. Ал бұл еліміздегі электр энергиясының тапшылығынан туындап отырғанын жақсы білесіздер. Осы ауданның өзінде  жақында ғана 240 пәтерлі 4 үй соғылып, пайдалануға берілсе, жыл аяғына  дейін тағы осындай  2 үй,  үлкен спорт  кешені халық игілігіне берілгелі отыр. Бұлардан басқада басқа өңірлерде зауыт, фабрикалар, үлкен-үлкен ғимараттар соғылуда. 
Олардың тыныс-тіршілігін электр энергиясыз көзге елестету мүмкін емес. Сондықтанда таза,  экологияға зияны келмейтін атом электр стансасын салу өзекті мәселелердің бірі. Ол салынған жағдайда энергия өндірумен қатар, көптеген тұрғындарға тұрақты жұмыс орындары ашылады. АЭС барлық қауіп-қатердің  алдын алатындай, жетілген технологиялармен  салынатынын айтуға болады. Сондықтанда алдағы өтетін референдумға ұйымшылдықпен қатысыңыздар.  Әркімнің дауысы маңызды. Референдум-халыққа артылған сенім. Сондықтанда сенім үдесінен шығайық,- деді Бекболат Серікбекұлы.
Ұстаздар атынан сөз алған мектеп директоры Гүлмира Әуесбайқызы елімізде  атом электр стансасын салуды  қолдайтындықтарын білдіріп,  референдумға ұйымшылдықпен қатысатындарын жеткізді.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 01.10.2024 15:35
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін712
mod_vvisit_counterКеше2102
mod_vvisit_counterОсы аптада2814
mod_vvisit_counterӨткен аптада11443
mod_vvisit_counterОсы айда12606
mod_vvisit_counterӨткен айда55843
mod_vvisit_counterБәрі2506273

Серіктестер