Онлайн газет



«МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ САЙЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

2024 жылғы 27 қыркүйекте Тараз қаласында Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен «Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету» мәселелері жөнінде Қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесуге Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Төрегелдиев және Қоғамдық бірлестіктердің төрағалары қатысты.
Кездесуді облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов ашып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру мәселелері бойынша қысқаша ақпарат берді.
Келесі сөз кезегі облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Төрегелдиевке берілді. Ол өз сөзінде мүгедектігі бар адамдардың барлық үш санаты бойынша (көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған) мәселелерге тоқталып, дауыс беру кезінде ерекше жағдайларды қажет ететін мүгедектігі бар сайлаушылардың саны-2478, оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланатындар-1194, көру қабілетінен толық айырылғандар-692, Брайль қарпін меңгерген-73, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар-592 сайлаушы бар екенін айтты.
Сондай-ақ, пандустар мен тактильді жолдар орналасқан учаскелер саны-463, сурдоаудармашылар саны-55, инватакси-33, оның ішінде Тараз қаласында 13 инватакси қаралғандығын атап өтті.
Референдум комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов кездесу соңында қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берді.
Сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктер төрағаларына арнайы комиссия құрып, референдум учаскелерінде мүгедектігі бар адамдардың үш санаты бойынша қандай жағдайлар жасалғандығы бойынша өз тараптарынан тексеріп көрулерін ұсынды және алдағы референдумды заң талаптарына сәйкес бірлесіп өткізуге шақырды.

Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін860
mod_vvisit_counterКеше2102
mod_vvisit_counterОсы аптада2962
mod_vvisit_counterӨткен аптада11443
mod_vvisit_counterОсы айда12754
mod_vvisit_counterӨткен айда55843
mod_vvisit_counterБәрі2506421

Серіктестер