Онлайн газет



ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАР ЖҰМЫС ТАПТЫ

Өткен аптаның жұмасы күні Еңбек күніне орай Мансаптық орталығы ғимаратында жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орны жәрмеңкесі болып өтті.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне  ауылдық округ әкімдері, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің директоры Шолпан Байтақова және жұмыс іздеушілер, жұмыс берушілер мен колледж студенттері қатысты.
Сөз бастаған Мансаптық орталық филиалының директоры Нұржан Тлепов  жәрмеңкеде 64 жұмыс берушіден 86 жұмыс орны жарияланып, оның ішінде жолдама ұсынатын мекемелер тізімдерін  айтып шықты. Ал тізімдерді және көптеген вакансиялар бойынша www.enbek.kz сайтынан көре отыра, жұмыс берушілерден  қосымша ақпарат, кеңес алып, жұмысқа жолдама алуға мүмкіндіктердің мол екеніне тоқталды.
Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру, бос жұмыс орындарына  қажетті құжаттарды рәсімдеу және жолдама беруді орталықтың мамандары  Олжас Маман, Айдана Саулебаева, Қаламқас Алдабергеновалар жүргізеді.
Жәрмеңкені қорытындылаған бөлім басшысы Салтанат Абдреева жұмыссыз жүрген азаматтарға жақсы мүмкіндіктер  ашылғанын, бұрынғыдай жұмысты бір айда емес екі апта ішінде табылатынын тілге тиек етті.

Мадина МАНГЛИГАЛИЕВА.

Обновлено 01.10.2024 15:25
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1125
mod_vvisit_counterКеше1566
mod_vvisit_counterОсы аптада2691
mod_vvisit_counterӨткен аптада10442
mod_vvisit_counterОсы айда19100
mod_vvisit_counterӨткен айда47003
mod_vvisit_counterБәрі2855675

Серіктестер