Адам өмірінің ересек болу кезеңі – ең маңызды шақ. Ол осы кезде қаншалықты дұрыс дамығандығына, тамақтанғандығына оның алдағы барлық болашақ өміріне байланысты болады. Ауданда 43 мектеп бар, 40 мектеп асханасы, 3 мектеп буфеті жұмыс істейді. Мектеп оқушыларының 95,3 пайызы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Жалпы білім беру мекемелерінде міндетті тәртіпте перспективалы екі апталық ас мәзірі жасалуы тиіс. Оны әзірлеу кезінде білім беру мекемесінде оқушылардың болу ұзақтығы, жас шамасының санаты, ұлттық дәстүр мен осы өңірде шығарылатын отандық өнімнің ассортименті
есепке алынады. Осы ас мәзірі, сондай-ақ шығарылатын өнімдердің барлық тізбесі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосымен келісіледі. Балалар мен жасөспірімдер тағамының рационында дәруменді-минералды кешенмен байытылған азық-түліктер қолданылады. Ас мәзірі барынша толыққанды және барлық талаптарға сәйкес келуі үшін қоғамдық тамақтандыру ұйымының штатында мүмкіндігіне қарай осылардың барлығын дұрыс реттей алатын технолог пен диетолог болуы тиіс. Тағам блогының барлық қызметкерлері міндетті тәртіпте медициналық тексеруден өтулері және тағам блогында белгіленген санитарлық қағидалар талаптарын сақтаулары тиіс. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында рұқсат етілмеген, жиі бұзылатын тағамдардан ас дайындауға жол берілмейтіндігін білуге тиіссіздер. Бұл ретте азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар қоғамдық тамақтандыру ұйымында сақталады. Сіз қаласаңыз, ол құжаттарды балаларды тиісті сападағы азық-түлікпен тамақтандырып жатқандығына сенімді болу үшін талап ете аласыз. Сондай-ақ барлық жалпы білім беру мекемелерінде рұқсат етілмеген тағамдық өнімдерді өткізетін автоматтарды қоюға жол берілмейді.
Рита Алтынбасова, аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы. |