Онлайн газет



АДАМ ӨМІРІ - БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ

Өткен аптада Сарыкемер ауылындағы Ғ. Мұратбаев атындағы гимназиясында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Адам өмірі - баға жетпес байлық» тақырыбында акция өтті.
Іс-шараның басты мақсаты-28 қыркүйек  Бүкіләлемдік құтыруға қарсы күрес Альянсының бастамасымен «Дүниежүзілік құтыру індетіне қарсы күрес күні» ретінде  бекітілуіне байланысты мүдделі ведомстволардың мектеп оқушылары, тәлімгерлер және ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Атаулы іс-шараға аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Салтанат Манашова,  аудандық емхананың ота дәрігері  Айдана Садғалиева,  ШЖҚ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Байзақ аудандық ветеринариялық  бөлімінің  маманы  Қуат Аманқұлов қатысты.
-Құтыру (бешенство)-жедел өтетін, жануарлардан жұғатын вирустық ауру. Ауырған адам ауыр ми қабынуынан қайтыс болады. Індеттің көзі-жабайы аңдар мен үй жануарлары. Бұл індет адамға ауырған жануарлардың тістеуі, тырнауы және сілекейі арқылы жұғады. Облыс аумағында жыл сайын жабайы және үй жануарларынан зардап шеккен адамдардың саны артып келеді. Олардың 50 пайыздан астамын балалар мен жастар құрап отыр. Көп жағдайда зардап шеккендер індеттің қаншалықты қасіретті екендігін білмегендіктен, медициналық көмекке жүгінуге асқпайды. Құтырудың алдын алу іс-шаралары республика аумағының қай жерінде болсаңыз да емдеу мекемелерінде тегін жасалады, - деді Салтанат Манашова.
Аудандық емхананың ота дәрігері  Айдана Садғалиева адам өмірі-баға жетпес байлық екенін ескерте келе, иттен және тағы басқа жануарлардан жарақат алған кезде жарақат орнын сабынды сумен жуу, тез арада дәрігерге көрініп, тағайындалған егу курсын тәртіп бойынша қабылдау керектігіне тоқталды.
Ветеринариялық бөлімінің маманы Қуат Мейрамбекұлы құтырған иттің белгілеріне тоқтала келе, ит қапса бейжай қарамауын, үй жануарларынан күдікті қимылдар байқалса дереу ветеринария мамандарына хабарласуға кеңес берді. Құтырған жануарға қарсы ем жоқ, бірақ құтырудың алдын алуға болады. Яғни, үй жануарларына жылына бір рет екпе салғызу маңыздылығын жеткізді.
Құтыру вирустық ауруына ұрынбас үшін әркім өзіне-өзі сақ болуы тиіс. Әсіресе үй жануарларына жақындағанда абай болғандары жөн. “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде”, - деп ата-бабаларымыз бекер айтпаса керек. Сондықтанда ауырмайтын жол іздейік.
Шара соңында мамандар тарапынан оқушыларға қалай түсінгендігі туралы  сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген оқушыларға сыйлықтар табысталды.

Айжамал Урозалиева.

Обновлено 01.10.2024 15:16
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін854
mod_vvisit_counterКеше2102
mod_vvisit_counterОсы аптада2956
mod_vvisit_counterӨткен аптада11443
mod_vvisit_counterОсы айда12748
mod_vvisit_counterӨткен айда55843
mod_vvisit_counterБәрі2506415

Серіктестер