Онлайн газет



АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛЫП, ҚАРТТАР ҚҰРМЕТТЕЛДІ

Қ.Шотбасов,
“Ауыл жаңалығы”.

Өмірінің барлығын өнегелі істерге арнап, еліміздің тәуелсіздік алуына, оның өркендеп өсуіне елеулі үлес қосқан аға буын ардагерлерге қамқорлық жасап, қолдау көрсету ешқашан  толастаған емес.
Содан да болар Халықаралық қарттар күні қарсаңында қариялардың ұйытқысы болған аудандық ардагерлер

кеңесі жаңа қонысқа көшті. Ардагерлер ұйымының бұрын да өз бөлмесі болатын. Бірақ «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының ғимаратындағы аядай бір бөлме аға буын өкілдерінің бас қосып, келелі кеңес өткізуіне тарлық ететін.  Соны ұғынған партия ұйымы ауыс-түйістің кезінде оларға сол ғимараттың ішінен екі бөлме ажыратты. Енді аудандық ардагерлер кеңесінің кеңсесі ғана емес, келген кісілерді қабылдайтын, керегінде кеңінен отырып, келелі пікір алысуға болатын үлкен залы да болды. Аға буын осылай қуанып жатқанда оған сырттан қарап тұрмай, бөлменің жабдықталуына қолұшын созған бір қоғамдық ұйым бар. Ол – Байзақ аудандық іскер әйелдер  қауымдастығы. Т.Кадимова басқаратын іскер әйелдер ұйымы жаңа бөлменің терезелеріне перде әкеліп тұтып,  қабырғаға көрікті сурет ілдірді. Ыстық кезеңде шөлін бассын деп шәйға арналған ыдыс-аяғын да ала келді. Сөйтіп ардагерлер қауымына жаңа қоныста алғашқы қолын берген іскер әйелдер болды.
Халықаралық қарттар күнінде аудандық іскер әйелдер қауымдастығы тағы бір игілікті іс істеді. Олар осы күні ағыл-тегіл ақ дастархан жайып, ардагер ақсақалдарды, ардақты аналарды құттықтады. Бұл игі шараның басында қауымдастықтың жетекшісі Т.Кадимова, аудан әкімі аппаратының бас инспекторы С.Иманова, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Б.Абдрахманова жүрді. Олар жиналғандарды қарттар күнімен құттықтай отырып, аға буынның аман-есен жүріп, жас  ұрпақ тәрбиесіне үлес қоса  берулеріне тілектестігін білдірді. Осында шақырылған аналардың иығына жылы орамал жауып, құрмет көрсетті. Аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Ә.Омаров келіп, ардагерлерге ақ тілегін айтты, естелік сыйлығын тапсырды.
Өмірдің түрлі белестерінен өтіп, бүгінге аман жеткен ардагерлер аса көп нәрсеге мұқтаж емес. Олардың қажет ететіні кейінгі буынның елеп, ескеруі, қадір-құрметі ғана. Бұл жағынан алғанда аудандық іскер әйелдер  қауымдастығы мүшелерінің естілігіне айтар алғысы ерекше. Кәсіпкер, қалталы ер азаматтар ескере бермейтін істерді іскер әйелдер естен шығармай, жыл сайын осы күні қарияларға қамқорлық танытып, құрмет көрсетіп келеді. Сондықтан бүгінде зейнет демалысында жүрген аға буын өкілдері оларға шын көңілден риза. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шәметов, Ұлы Отан соғысының және ішкі істер қызметінің ардагері, запастағы полиция полковнигі С.Рыспаев, еңбек ардагері Ж.Қожамқұлова бастаған қариялар қауымы осы ниеттерін, алғыстарын білдірді.
Қарттарға жайылған ақ  дастархан басында ақ тілектер айтылды, жыр оқылды, ән шырқалды. Көрсетілген құрметке көңілі толған қариялар шын пейілден ризалықтарын білдіріп, ақ батасын беріп,  тарқасты.

 

Обновлено 08.10.2012 20:22
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін938
mod_vvisit_counterКеше1764
mod_vvisit_counterОсы аптада4239
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда33842
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2241228

Серіктестер