Онлайн газет



ЕЛ БІРЛІГІН САҚТАУ - ҚАСИЕТТІ ПАРЫЗ

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын теледидардан мұқият тыңдадым.
Жолдауда алда атқарылар басымдықтың тоғыз бағыты аталып өтті. Соның ішінде ел бірлігін сақтау, Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету-баршамызға ортақ міндет болып табылатындығы айтылды.
«Біз қиындықтарға мойымай, барлық мәселені біртіндеп, байыппен шешуіміз керек. Мұның бәрі халықтың тұрмыс-тіршілігіне ғана емес, қазіргі бұлыңғыр замандағы еліміздің тағдырына да тікелей әсер етеді. Біздің ұзақ мерзімге арналған даму жолымыз - айқын. Биік мақсаттарымыз бар. Оған жету үшін, ең алдымен, ел бірлігін сақтай білуіміз керек. Бір-бірімізге қолдау білдіріп, құрмет көрсетуіміз қажет. Біз-берекелі бірліктің арқасында түрлі сынақтан сүрінбей өткен халықпыз. Алдағы уақытта да солай болмақ. Бәріміз бір ел болып, әділетті және дамыған Қазақстанды бірге құрайық. Сонда әркім өз елінің кірпіші болып қаланып, арман-мұратына жете алады»,-деді Президент.
Ұлысты ел болу қағидасының бірі-қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Басты байлығымыз - бабаларымыздан өсиет боп қалған, халқымызға қасиет боп қонған бақыт-бірлігіміз. Еліміздегі бірлік пен татулық-басты қазынамыз саналады. Ал, өзара түсіністіктің биік шыңы - тыныштық. Құнды қазынамыз-тарих  табыстырып, тағдыр тоғыстырған  халқымыздың бірлігі. Бүгінде барша қазақстандықтар береке мен бірлік, ынтымақ пен татулық идеясы төңірегіне топтасып отыр. Осылайша, көпұлтты Қазақстан жұрты татулығымен мақтанып, бірлігімен өсіп, тұрақтылығымен дамып келеді. Даму мен гүлдену, ынтымақ пен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім өрбіген кезде ғана өркен жаяды. Жұмыр жердегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың ордасы атанған елімізде даму мен гүлдену, ынтымақ пен тұрақтылық өрбіген кезде ғана өркен жаятынын уақыттың  өзі дәлелдеп отыр. Олай болса, ел бірлігін бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ете берейік.

Ербол Ержанұлы,
Сарыкемер ауылы.

Обновлено 03.09.2024 10:42
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1925
mod_vvisit_counterКеше1658
mod_vvisit_counterОсы аптада1925
mod_vvisit_counterӨткен аптада13911
mod_vvisit_counterОсы айда29065
mod_vvisit_counterӨткен айда37584
mod_vvisit_counterБәрі2468247

Серіктестер