Онлайн газет



ҮЛГІЛІ АУЫЛЫНДАҒЫ ҚОС ҚУАНЫШ

Өткен аптада Үлгілі ауылының тұрғындары ауылдағы заманауи үлгіде соғылған  үлкен мешіттің және  ауылға кіреберіске соғылған әсем  қақпаның (арка) ашылу салтанаттарына қатысты.
Ауылда бұған дейін мешіт болған. Алайда мешітке баратын жамағаттың көбеюіне, оның үстіне бұрынғы мешіттің ескіруіне байланысты үлкен мешіт керек болды.  500 орындық жаңа мешіт пен 150 орындық жаңа қатымханасымен (ас үйі) соғылуына ауыл тұрғындары ұйытқы болса, Дүниежүзілік  жастар Ассамблеясы бұл ұсынысты қабылдап, демеушілік көрсетті.
Осыдан екі жарым жыл бұрын құрылысы басталған «Әбдімажит-Ислам» мешіті бітіп, жамағатқа есігін айқара ашып отыр. Оның ашылу салтанатына халық көп жиналды. Олардың арасында өз ауданымыз ғана емес көршілес аудандардағы ауылдық мешіттердің де имамдары қатысып, қуанышымызды бөлісті.
Мешіттің ашылу салтанаты Халықаралық Құран оқу жарысының жүлдегері және республикалық құран оқу жарысының жеңімпазы  Мырзакелді Иманәлі қаридың құран оқуымен ашылды.
Алғашқы сөзді алған аудан әкімінің  орынбасары Дулат Жақыпбеков үлгілілік ағайындарды  жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап,  жаңа мешіт тәлім-тәрбиенің ордасы болсын деген  өзінің игі тілегін білдірді. Мешіт құрылысына белсене қатысқан  ауыл азаматтары Нұрлан Исақов  пен Нұрлан Жақыпбаевқа аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.
-Біз кейінгі жылдары қарапайым халықтың мешітке ағылғанын  көріп жүрміз. Әсіресе, кешегі су тасқыны болған өңірлерде, басқада апатты аймақтарда  халық мешітке жиналып, шамасы келген азаматтардың  көмегіне мұқтаж  болып, Алланың үйіне паналағанын көрдік.  Сенікі емес, менікі емес, тек қана Алланікі деген мешіт ашылып отыр. Бұл мешіт ауылымыздың рухани дамуына  үлкен үлес қосатын орталық.  Ал осында намаз оқып, пешенемді сәждеге қоямын деп арнайы келіп отырғандарыңызға алғыс айтамын,- деген Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев ауылдық мешітке «Құран»  кітабын сыйға тартты.
Бұдан кейін Дүниежүзілік жастар Ассамблеясы қорының Жамбыл облысындағы өкілі Жамель Шалбаев, аудандық, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары Серік Ермеков, Фазыл  Шаухаровтар  өз құттықтауларын жеткізіп,  мешіт құрылысына атсалысқан  ауыл жастарына  ризашылықтарын білдірді.
Ал аудан әкімінің орынбасары  Д.Жақыпбеков, облыстың бас имамы Б.Мырзагелдиев, ауыл ақсақалы А.Мұратбаевтар  мешіттің ашылу лентасын қиған бетте кимешек киген апалар жағалай  шашу шашты.
Қонақтар мен ауыл тұрғындары мешітке кіріп, кеңде, жарық, барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған жаңа мешітте намаз оқыды.
Салтанатты шараға  қатысушыларға мешіт жанындағы  қатымханада ас беріліп, құран оқылды.
Салтанатты шара барысында  осы мешіттің соғылуына, ауыл жастарының бастамашысы болып жүрген азамат Нұрлан Исақовтың ұлы Мұхаммедтің тұсауын облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы кесіп, бүгінгі үлкен іс-шарамен тұспа-тұс келіп отырған бүлдіршіннің алдағы жолы ашық болсын деп ақ батасын берді.
*   *   *
Әрбір ауылға кіреберіс жол бойына қақпа (арка)  соғу сол ауылға ажар беретін үлкен мәдениеттің  бір түрі. Сондықтанда осы ауылдың  тұрғыны,  аудандық мәслихаттың депутаты  Алтынбек Жамишжанов  ауылға кіре беріске жаңа үлгідегі, түнемеге жанып тұратын «Үлгілі ауылы», екінші бетінде  «Сәт сапар!» деген жазуы бар қақпа орнатқан болатын.


Қақпаның ашылуында ауылдық ардагерлер кеңесінің  төрағасы Фазыл Шаухаров пен ардагер ана Нағима Даусариева бұл ғана емес үнемі ауылға көмек  қолын созып жүретін кәсіпкер Алтынбекке алғыстарын айтты. Алтынбек бұған дейін  ауылға демеуші ретінде шағын  футбол алаңшасын соғып беріп, халықтың алғысына кенелген болатын. Ауыл халқының атынан Алтынбекке  шапан жауып, алдағы жұмысына табыс тіледі.
Арканың ашылу лентасын Фазыл Шаухаров, Нағима  Даусариева, ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Жанат Әлібековалар қиған бетте, автокөліктер Үлгіліге қарай жүйтки жөнелді.
Ауылда өткен шараларға  аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадина Сейтқазина, аудандық мәслихаттың депутаттары Алтынбек Жамишжанов, Ләйлә Бесбаевалар қатысты.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 03.09.2024 10:23
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1823
mod_vvisit_counterКеше1658
mod_vvisit_counterОсы аптада1823
mod_vvisit_counterӨткен аптада13911
mod_vvisit_counterОсы айда28963
mod_vvisit_counterӨткен айда37584
mod_vvisit_counterБәрі2468145

Серіктестер