Онлайн газет



КЕЛЕШЕККЕ – КЕМЕЛ БІЛІММЕН

Әл-Фараби атындағы аудандық мәдениет үйінде «Білім берудегі цифрлық инновациялар» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің жыл сайынғы аудандық тамыз кеңесі өтті.
Кеңеске қатысушылар алдымен дәлізге қойылған дарынды оқушылардың спорт, қолөнер, робототехника жетістіктері бойынша қойылған көрмені аралап, білім беру мекемелерінің жетістіктері паш етілген бейнебаянды тамашалады.
Кеңесте Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Байзақ аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрболат Мамырбаев «Білім беру ұйымдарында жайлы орта құру: цифрлық инновациялар» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз баяндамасында өткен оқу жылының қорытындысы мен алдағы оқу жылындағы міндеттерді қаузады. Сондай-ақ цифрландыру жағдайында білім беру сапасын қамтамасыз етуге басымдық берді. Жыл сайын өтіп келе жатқан «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясының шапағатына да тоқталды.
Жарыссөзге шыққан Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Сергей Рамазанов «Білім берудің мазмұндық және цифрлық трансформациялау жағдайында  ауыл мектебінің білім сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында, ал «Балдырған» бөбекжай-бақшасының әдіскері Жансая Исаева «Мектепке дейінгі ұйымдарда сапалы қызмет көрсету басымдылығы» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Алғашқы құттықтау сөз аудан әкімінің міндетін атқарушы Болат Сағынбековке берілді.
-Мемлекет тарапынан білім саласына айрықша қамқорлық жасалуда. Міне мұның шарапатын біздің аудан халқыда көріп отыр. Білім саласына бөлінген қаржы  24,2 млрд. теңгеге ұлғаюы осының дәлелі. Сондай-ақ ұстаздар қауымының айлық-жалақысы екі есеге, балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға артты.
Мектептердің материалдық-техникалық базаларын жақсарту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Сарыбарақ, Аққия ауылдарында жаңа мектептер соғылып жатса, бірнеше мектепке  қосымша оқу ғимараттары қосылды. Сарыкемер ауылындағы заманауи үлгідегі 600 орындық «Жайлы мектеп» биылғы оқу жылында ашылғалы отыр. Соңғы 5 жылда бірнеше балабақша пайдалануға берілді.


Мектептер мен балабақшалардағы бейнебақылауларды ретке келтіріп, оқушылар мен тәрбиеленушілердің қауіпсіздігіне баса назар аударуымыз керек.
Құрметті ұстаздар, сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, алдағы еңбектеріңізге табыс тілеймін,- деді Болат Мырзаханұлы.
Болат Сағынбаев білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеудегі  жетістіктері үшін бірнеше алдыңғы қатарлы ұстаздар мен ардагер ұстаздарды, балабақша тәрбиешілерін марапаттады. Олардың қатарындағы Түймекент және Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының ардагер ұстаздары Балжан Қасымова мен Сажида Еркебаеваға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медальдарын табыс етті.
Сондай-ақ Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі, математика пәні мұғалімдері Гүльмира Ракулова мен Роза Тоқбаеваға «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, Қостөбе орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Сәуле Шаяхметоваға «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерін тапсырды.
Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасына №1 мектеп-гимназиясының директоры Гүлпаш Жаманова, аудан әкімінің Грамотасына Т.Ақбозов атындағы орта мектебінің директоры Ақбота Көпбосынова, №4 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жаңакүл Қосақбаева, №1 мектеп- гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қайрат Сейдуалиев, Дихан тірек мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рахат Усерова, аудан әкімінің Алғыс хатына «Балауса» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Тұрсынай Дәкенова, «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасының әдіскері Айгүл Ашенова, Ә.Жанқұлиев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алуа Абдуалиевалар ие болды.
Бұлардан басқада бірнеше озат ұстаздар мен балабақша тәрбиешілері Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, аудандық мәслихаттың және «Amanat» партиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Кеңес жұмысына аудан әкімінің  орынбасары Рүстем Қасымов, “Amanat” партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева, аудандық соттың төрағасы Досжан Төленбековтер қатысты.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 29.08.2024 20:56
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1932
mod_vvisit_counterКеше1658
mod_vvisit_counterОсы аптада1932
mod_vvisit_counterӨткен аптада13911
mod_vvisit_counterОсы айда29072
mod_vvisit_counterӨткен айда37584
mod_vvisit_counterБәрі2468254

Серіктестер