Әрбір жеке тәуелсіз мемлекеттердің ғасырлар бойы өз құнын жоғалтпай, мұра болып келе жатқан заңдар жинағы болады. Осындай Ата Заң соңғы рет 1995 жылы 30 тамызда біздің елімізде де қабылданды. Бұл Конституцияның бұрнағы жылдардағы Конституциялардан ерекшеліктері заң шығарушы, атқарушы сот билігін белгілеп, олардың құзіретін, өзара іс-қимыл бірлігін заң тұрғысынан айқындап берді. Мемлекеттік лауазымды адамдардың, азаматтардың конституциялық құқықтары
мен бостандықтарын бұзуға жол бермейді. Конституция еліміздің негізгі Заңы ретінде егемендігіміздің тұрақты дамуының, қоғам, мемлекет тұрақтылығының іргетасы болды деуге болады. Ата Заңымыздың басты құндылығы Республиканың өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік деп жариялануымен қатар, негізгі бастауы халық екенін айқындап берді. Еліміздің бұл негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Кез келген мемлекет өзінің алғашқы қадамын тәуелсіздігімен қатар, Конституциясын қабылдаудан бастайды. Бұл-сол мемлекетті құраушы ұлттық ғасырлардан жинақталған өзіне тән ұстанымының, заңдарының, жүрген жолдарының өзегінен өрбитін, келешегіне бағдар жасайтын басты белгі. Біздің негізгі Заңымыз-тәуелсіздікпен егіз ұғым. Біз кемел Конституцияны тәуелсіздік арқылы қабылдадық. Ата Заң-біздің азаттық алғалы атқарған барлық істеріміздің таразысы. Ата Заңымыздағы ең басты құндылық-бұл адамның құқығы мен еркіндігін қорғау болып табылады. Биыл бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжатқа 29 жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында Конституцияны басшылыққа ала отырып, тәуелсіздігіміз бен мемлекетімізді нығайту жолында ғасырлық мәні бар бірқатар ауқымды істер атқарылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Конституциясы әлемдік озық тәжірибе мен үлгісін, сондай-ақ тарихи және ұлттық дәстүрлерді қамтитын халық бірлігі мен мемлекетіміздің тәуелсіздігінің берік іргетасы болып табылады»,-деді. Ең жоғары Заңдық күші бар төл Конституциямыз адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары үшін қызмет ететініне сенімдіміз. Біздің басты міндетіміз-Тәуелсіздігіміздің тірегі-Конституциямыздың маңыздылығын сақтау. Ата Заңымызды қадірлеп, құрметтеп, оның талаптарын бұлжытпай орындау-әрбір азаматтың басты міндеті болып саналады.
Бауыржан Жақсымбетов, “Ауыл жаңалығы”- “Сельская новь” газеті редакциясы ЖШС директоры. |