Онлайн газет



Жауынгер жайлы үзік сыр

Тарих беттеріне өшпестей таңба болып басылған 1939-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғысының зардабы жайлы аз айтылып жүрген жоқ.  Ананы баласынан, сәбиді әкесінен айырған қанды оқиға Көктал елдімекенінде тұратын майдангер қарт Қадыров Манапбектің де есінде.
Манапбек ата 1924 жылдың 1 қаңтарында ауданымызға қарасты Жетібай ауылында туылып-өскен. Сол кездегі барлық бала секілді оның да жастық шағы ауыр болды. Ерте еңбекке араласқан жас жігіт «Кеңес» колхозындағы қатарластарымен бірге 1942 жылдың 5 қыркүйегінде әскерге алынады. Алғашында  Саратов облысы, Башировка  ауылында жиырма күннен астам дайындықтан өткен ол, небәрі  18 жасында қолына қару алып, елді, жерді қорғауға аттанады.
М.Қадыров Сталининград, Ростов қалалары мен Харьков станциясы, Полтава, Румыния мен Молдава, Одесса және Ресей өңірлеріндегі ұрысқа қатысып, одан кейінгі кезеңде Эстония, Латвия, Литва мемлекеттеріндегі қираған қалаларды қалпына келтіруге атсалысады. Манапбек ата елге оралғаннан соң да өмірін еңбекпен ұштастырып, жары Шұғамен бірге 3 қыз, 2 ұлды тәрбиелеп өсіреді. Өкініштісі, қосағы ерте өмірден өтті, әйтпегенде сол ұл-қыздарынан тараған 28 немере, 30-ға жуық шөберенің қызығын бүгінде бірге көрер еді. Дегенмен, атасының өнегелі өмірі өзінен тараған ұрпақтарына үлкен үлгі. Кейде кеудесіндегі «Германияны жеңгені үшін», «Украинадағы фашист басқыншыларының азат етілгеніне 60 жыл», «Совет Армиясына 30 жыл» және «Ұлы Отан соғысына 20, 60, 65 жыл» мерейтойлық медальдарын санаған немере-шөберелері «Біздің атамыз соғысқа қатысқан нағыз батыр» деп мақтанышпен сөз етеді.
Иә, батыр қарт бүгінде ұлы Мәдібек пен келіні Гүлнәрдің қолында тұрады. Ұлының әке алдындағы парызын адал атқарып жүргені бір бөлек әңгіме, келіні Гүлнәрдің күн-түн демей атасының бабын жасап жатқанын көрген мұндағы ел-жұрт “көргені көп бала осындай-ақ болсын” дегеннен жалықпайды.
Манапбек Қадыровтың мағыналы ғұмырын ұлық тұтқан Көктал ауылдық округіне қарасты «Жастар орталығының» ұйымдастырушысы Ж.Бестерекбаева бастаған ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Рәпілбеков және Көктал орта мектебінің тәлімгері М.Көбекова мен «Жасұлан» ұйымының белсенді жастары қазыналы қарттың үйінде болып, Ұлы Жеңістің 69 жылдығымен құттықтады. Ерліктің ешқашан ұмытылмайтындығын сөз еткен олар, майдангерге сый-сияпаттар ұсынып, деніне саулық тіледі.

Обновлено 30.04.2014 11:49
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін237
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1426
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40427
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247813

Серіктестер