Онлайн газет



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТ ТОБЫ АУДАНЫМЫЗДА

3Елбасының ел халқына бағытталған дәстүрлі Жолдауы жария етілісімен республикалық, облыстық, аудандық деңгейлердегі ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, жоспарлы түрде өңірлерге шығып, түрлі қоғам өкілдерімен

кездесіп, аталмыш маңызды құжаттың мән-жайын кең бұқараға жан-жақты түсіндіру, насихаттау бүгінгі таңда жақсы дәстүрге айналып үлгерді.
Осындай ақпараттық-насихаттық топ, құрамында Салауат Дембай ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігінің жауапты хатшысы, Бағдат Мусин -  ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметті автоматтандыру және ХҚКО қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы және облысымыздан келген жауапты азаматтар – Жеңіс Тұяқов, облыс әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы, Ұлан Әліпов, автомобиль жолдары департаментінің  бастығы бар азаматтар аудан белсенділерімен кездесті.
Аталмыш топ мүшелері және олардың алға қойған мақсаттарымен жиналған қауымды таныстырған аудан әкімі М.Шүкеев алғашқы сөзді Салауат Дембайға берді.
Өңіріміздің тумасы, көп жылдар бойы облысымыздың түрлі салаларында жемісті еңбек еткен, бүгінде жоғарыда аты аталған Агенттіктің жауапты хатшысы қызметін атқарып жүрген Салауат Маханбетұлы  кіріспе сөзін биылғы Жолдаудың негізгі бағыт-бағдары, көздеген мақсаттары, яғни экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттері жайлы бастаған ол, Агенттіктің негізгі функционалдық міндеттеріне сәйкес Елбасы Жолдауынан туындайтын мәселелерге тереңінен тоқталды. Атап айтқанда, облыстардағы тұрғынүй құрылысының жоспарлары, яғни Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында жасалынған «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасынан туындайтын міндеттемелер, оның ішінде 2014 жылдан басталатын инженерлік-коммуницикалық  инфроқұрылым-дарды қаржыландыру, бағдарлама бойынша ескі және апатты жағдайдағы үйлерді жою (Астана қаласы мен Маңғыстау облысына жасалған жобалар, 2020 жылға дейін еліміздегі құрылыстың көлемін жылына 10 млн. ш.м. жеткізу жоспары) сынды өзекті мәселелер әңгіме арқауы болды.
Сонымен қатар баяндамашы бағдарлама аясындағы мемлекеттік қолдаудың аясында тұрғын үй құрылысы мен оның төлемақысының басымдық көрсеткіштері – баспананың ауданы, шекті құны, орташа айлық төлемі, бағдарламаны жүзеге асыруда “Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің” несиелік жеңілдіктері, «Қазақстандық ипотекалық компания» желісі, сондай-ақ елімізде қабылданып, жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасы, оның стратегиялық маңыздылығы, мемлекеттен бөлінген қыруар қаржы, оны игеру мәселелері жайында көптеген мәліметтер берді.
Сондай-ақ, Салауат Маханбетұлы жоғарыда аталған бағдарламалардың облысымыз деңгейінде жүзеге асырылуы жайын да ұмыт қалдырмай, кеңінен мағлұмат берді.
Жиын соңында аудан азаматтарының арнайы жүздесуге келген қонақтарға Жолдауға қатысты және жеке сұрақтарын қоюға да мүмкіндіктер туғызылды.
Кездесуді қорытындылаған Мұратхан Жүнісәліұлы қонақтарға аудан тұрғындары атынан алғыс айтып, жауапты қызметтеріне табыс тіледі.                              Өз тілшіміз.

 

Обновлено 08.10.2012 20:06
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1176
mod_vvisit_counterКеше2235
mod_vvisit_counterОсы аптада8454
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда26533
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2233919

Серіктестер