Онлайн газет



Сыбайластық – қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер

С.Умралиев,
Байзақ аудандық сотының судьясы.

Елбасы бастаған ұлттық қауіпсіздіктің жаңа стратегиясы аясында қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» бағдарламасы бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Қазақстан ТМД елдері арасында ең бірінші болып жемқорлыққа қарсы күрес бойынша тиісті заң шығарған мемлекет ретінде танылды.
Расында сыбайлас жемқорлық кейінгі ұрпақтардың өміріне залал келтіретінін айта кету біздің парызымыз. Осы мақсатта сотта дөңгелек үстелдер өткізіліп, әрбір жиналыста орын алған құқық бұзушылықтар талқыланып, нәтижесі шығарылады.   
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311-бабында берілген түсініктемеде пара беру мен алудың сыр-сипаты толық ашылып көрсетілген. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күрес өте қатаң жүргізілуі тиіс. Сонда ғана нақты нәтижелерге қол жеткізуге болатын сияқты.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің бастысы оның алдын алу, яғни халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттырып барлық мемлекеттік органдармен мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын жүзеге асыру туралы насихат және азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру кеңінен жүргізілуі қажет. Мемлекеттік орган басшылары жемқорлық әрекеттерге байланысты принціпін ұстанып, тәртіптік жаза болса да оның қатаң түрлерін қолдануы тиіс. Сыбайлас жемқорлық сияқты қоғамды жайлаған  жегі құртқа тосқауыл қою үшін ел арасында түсінік беру жұмыстарын жиілетудің қажеттігі күннен күнге артып келеді.
Сыбайлас жемқорлықты тұғызатын жағдайларды болдырмау үшін сот қызметкерлері соттық нормаларды, мемлекеттік және еңбек тәртіптерін қатаң сақтауды және процессуалдық емес қарым қатынастарды болдырмауды басты назарға алып, осы мақсатта жұмыс жүргізуде. Сондықтан әрбір адам өз ісін алдын-ала дұрыс жолға қойып, заң талаптарына қарсы келмейтіндей етіп жүзеге асырулары керек және лауазымды адамдарды да заңсыздыққа итермелеп апармауы тиіс. Бұл жамандық, яғни мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайластықтың орын алуы мемлекет үшін де, ел үшін де пайда келтірмейтіні анық.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін477
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада477
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40667
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248053

Серіктестер