Онлайн газет



Жауқазын жыр

Абай атам – асқар тау

М. Бакоев,
Көктал орта мектебінің 7-сынып оқушысы.

Өмірден өтті сан алып,
Жасаумен бәрі жаңалық.
Қайталанбас  бірақ та,
Абайға біткен даналық.

Кетпесін деп сөз дәмі,
Ермекке жыр жазбады.
Кемеңгерлік ойларын,
Жүректен терең қозғады.

Данаға ешкім жетпейді,
Ақылын алған көктейді.
Абай атам асқар тау,
Асқар таулар шөкпейді.

Шырқалуда әні де,
Солай болмақ әлі де.
Абай сөзі ақиқат,
Адамзаттың бәріне!

Көктем

Билетіп көк сағымды,
Самал соқты көк белден.
Барша қызық жағымды,
Бастау алар көктемнен.

Қиқу салып төбеде,
Тырна, құстар жүр ұшып.
Дала нұрға бөлене,
Келе жатыр күн ысып.

Ауадан да көктің бір,
Ғажап иісі аңқиды.
Күткені де көптің бұл,
Жақсылық қой сан қилы.

Бір келетін жылында,
Мезгілді ел елемек.
Көктем деген шынында,
Керемет қой, керемет!

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін487
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада487
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40677
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248063

Серіктестер