Онлайн газет



ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ДИІРМЕН ТАСЫ

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде бүгінде 4 мыңға жуық жәдігер бар. Оның барлығы да маңызды әрі құнды дүниелер. Музей жақында тағы бір құнды жәдігермен толықты.
Ол ХІХ ғасырға тиесілі үлкен көлемдегі диірмен тас. Оны «Музейге сый» акциясы аясында А.Суханбаев ауылдық округіне қарасты Қосы батыр ауылының тұрғыны Өзенбай Бейсенбек табыстады.
«Бұл тас ауылымыздың маңынан табылып отыр. Ауыл тұрғындары кезінде осынау тастың көмегімен бидай үгітіп, ұн алған. Бетінде гүл тәріздес бедерлері бар. Диірмен тастың салмағы 900 келіден асады. Осынау ерекше тас аудандық музейде тұрсын деген шешімге келдім. Қазіргі кейбір жастар диірменді де ұмытып бара жатыр емес пе? Осы диірмен тасты көріп, ұлттық құндылықтарымыздан алыстамай жүрсін деген тілегім бар»,- дейді ол.
Музей директоры Артық Үкібаев: «Аталған тасты келіп тамашалаушылар көп. Бір диірменнің 900 килограмм тартуы сирек жағдай. Жәдігер жинақтау ісі мейлінше жандана түсуде. Ауылдардан құм басып жатқан құндылықтардың табыла береріне сенеміз»,-дейді.
Жалпы, Байзақ ауданы аумағында тарихи қалашықтар мен ел аузында жүрген жер, су атаулар өте көп. Сондықтан, жәдігерлердің табыла беретіні де күмәнсіз. Құм астынан аршылған дүниелер аудан тұрғындары үшін ерекше қазына болып саналады. Сол үшін, аталған ауданның аумағынан қандай құндылықтар табылып жатса да таңдануға болмайды.

Есет ДОСАЛЫ.

Обновлено 13.08.2024 10:59
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1984
mod_vvisit_counterКеше1658
mod_vvisit_counterОсы аптада1984
mod_vvisit_counterӨткен аптада13911
mod_vvisit_counterОсы айда29124
mod_vvisit_counterӨткен айда37584
mod_vvisit_counterБәрі2468306

Серіктестер