Жамбыл облысы әкімдігінің Еңбек инспекциясы мен Жамбыл облысы VIP-дирекциясынан құрылған ақпараттық-түсіндіру туралы жұмысшы тобы әкімдіктің үлкен залында жиын өткізді. Аудан аумағындағы ауыл, ауылдық округ мамандары, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, ауыл шаруашылығы бөлімдері, шаруа қожалық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жеке кәсіпкерлер мен кәсіпорын басшылары қатысқан кездесуді аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
басшысының орынбасары Мәрлен Жексембі ашып, жүргізіп отырды. Мәрлен Жаныбекұлы жиын қатысушыларына ақпараттық-түсіндіру туралы жұмысшы топтың мүшелерін таныстырып, күн тәртібінде қаралатын мәселелерге тоқталды.
Күн тәртібіне сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі Еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Әділет Ажиров «Жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру», ал, Жамбыл облысы VIP-дирекциясының директоры Лаззат Боромбаева «Халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және еңбек қатынастары мен әлеуметтік аударымдар, міндетті сақтандыру жүйесіне қатысушылардың құқықтары мен жазатайым оқиғалар болған жағдайда міндетті сақтандыру» мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға және осы Кодекстің 182-бабының 2-тармағы 14 тармақшасына сәйкес жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы түсіндірілді. Адам денсаулығы қашанда алдыңғы орында тұрады. Сондықтанда қайсыбір жұмыста болмасын жазатайым оқиғалардың алдын алып, қауіпсіздік шараларын жүргізіп отырған жөн. Қазақта “сақтансаң ғана сақтайды” деген аталы сөз бекер айтылмаған. Жиын барысында оған қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар қайтарылды. Сондай-ақ, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, зиянды өндірістерде жұмыс істейтін адамдар үшін шарттар туралы жадынамалар таратылды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. |
Обновлено 08.08.2024 19:37 |