Онлайн газет



САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ - УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Соңғы уақытта мемлекеттік қызмет көрсету жайлы жиі айтылып жүр. Жай ғана сөз етілмей мемлекеттік қызметті сапалы етуге баса мән беріліп келеді. Өйткені, бұл Мемлекет басшысының  Жолдауларында айқындалған басым бағыттардың бірі.
Ынтымақ ауылдық округінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын  тұрғындарға түсіндіру, мемлекеттік қызметтердің  сапасын арттыруды және  барлығына тең қолжетімділік болуын қамтамасыз ету мақсатында ауыл тұрғындарымен жиындар  ұйымдастырылып отырады. Онда  ауылдық округ әкімі, аппарат мамандары мемлекеттік қызмет көрсету  бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізіліп жатқанын айтып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Онда сонымен қатар ауылда әкімшілік тарапынан көрсетілетін қызметтерге тоқтала келе, олар «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту», «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру», «Сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін жеке меншікке  ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» сияқты қызметтер көрсетілетінін айтты.
Бұдан бөлек округтегі  ақпараттандыру орталығының жұмысын айта келе, тұрғындарға аудан орталығына  бармай-ақ  барлық қызметтерді электронды түрде алуға болатыны айтылды.
Балабақша кезегіне  тұру және  көрсетілетін қызметтерді үйде отырып өтініш білдіру жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар әкімшілік ғимаратындағы өзін-өзі қамту бұрышы бар екенін, сол бұрыштан өтініштерді электронды түрде қалай жасауға болатынын ауыл тұрғындарының есіне салды.
Осылайша, ауылдық округ әкімшілігінің қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруды басты назарға алуда.

Бауыржан Жұматаев,
Ынтымақ ауылдық округінің іс жүргізуші бас маманы.
Мәдімар ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін397
mod_vvisit_counterКеше1579
mod_vvisit_counterОсы аптада1976
mod_vvisit_counterӨткен аптада9021
mod_vvisit_counterОсы айда8681
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2935696

Серіктестер