Онлайн газет



МЕМЛЕКЕТТІК АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - Кодекстің 120-бабының 4-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай түрінде көрсетілетін  көмек. Атаулы әлеуметтік көмекті төмендегі санаттағы тұлғалар ала алады:
•ҚР азаматтары;
•қандастар;
•босқындар;
•шетелдіктер;
•ҚР-да тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар.
Кодекске сәйкес бір адамға немесе отбасына атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін отбасының әрбір мүшесі есебінен орташа жан басына шаққандағы табыс және кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде уәкілетті орган есептейді. Отбасының құрамы және табыстар өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайтадан есептеледі. Ал өтініш беруші 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болуы мүмкін мән-жайлар туралы хабарлауға міндетті. Атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлғаның жиынтық табысын анықтау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылатын құжаттардың және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі. Жан басына шаққандағы орташа табыс әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі.
Қазіргі таңда атаулы әлеуметтік көмекке өтініштер электрондық үкімет порталы арқылы онлайн форматта қабылдануда. Аз қамтылған азаматтар мен көпбалалы отбасылар құжаттарын Egov.kz сайты арқылы тапсыра алады. Өтініштерін қашықтан тапсырулары үшін электронды цифрлық қолтаңбалары (ЭЦҚ) болуы керек. Бұл тұрғындарға өте ыңғайлы әрі орталыққа келіп әуре болмайды. 
Өтініш беруші портал арқылы жүгінген кезде электрондық өтінішті қалыптастыру үшін қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және  ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады. Растайтын мәліметтерді алған кезде портал арқылы сұрау салуды жүзеге асырған өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-сымен куәландырады және портал уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы электрондық өтінішті жібереді. Өтініш беруші талап етілетін құжаттарды берген кезде өтініш берушінің «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ұсынылған «портал» арқылы келіп түскен электрондық өтініш мынадай параметрлер бойынша тексеруден өтеді:
1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы;
2) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу, сондай-ақ тағайындауға өтініш беру фактісінің болмауы;
3) отбасының барлық мүшелерінде бір елді мекен шегінде тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелуінің болуы.

Гаухар Раймкулова,
“Еңбек мобильдігі орталығы” Байзақ ауданы бойынша “Мансаптық орталық” филиалының маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1903
mod_vvisit_counterКеше1658
mod_vvisit_counterОсы аптада1903
mod_vvisit_counterӨткен аптада13911
mod_vvisit_counterОсы айда29043
mod_vvisit_counterӨткен айда37584
mod_vvisit_counterБәрі2468225

Серіктестер