Онлайн газет



Отан үшін от кешкен

Бұдан 73 жыл бұрын, яғни 1941 жылдың 22 маусым күні таңғы сағат 4-те басталған соғыс 1418 күн мен түнге созылды. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең қатыгез соғыс болып табылады. Майданға 61 мемлекет, жер шары тұрғындарының 80 пайызы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекеттің аймағында, сондай-ақ, теңіздер мен мұхиттар аумағында жүргізілді. Қарулы Күштерге барлық елдерді қоса алғанда 110 млн. адам біріктірілді. Сұрапыл соғысқа барлық елдердегі адам шығыны - 50 млн-ды құрады.Ұлы Отан соғысы 1418 күнге созылып, майдан даласында 20 миллион жауынгер қаза тапты. Бұл соғысқа Орта Азия республикаларынан 3 млн.-ға жуық адам қатысса, оның 1 млн. 300 мыңнан астамы қазақстандықтар еді...
«Ардагерлер – біздің алтын қорымыз, мақтанышымыз. Олар еліміздің ертеңі үшін қан төкті, туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек етті. Сондықтан біз олардың еңбектерін әрқашан да ұмытпай бағалап, ардагерлерге ілтипат, құрметпен қатар тұрмыстық-әлеуметтік қамқорлық көрсетуіміз керек» деп Елбасымыз айтқандай,   Отан үшін от кешкен майдангерлерді құрмет тұтып, ардақтау-бүгінгі ұрпақтың басты міндеті деп білеміз.
Ұлы Жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай боздақтар Отан қорғау жолында қыршын кетті. Ана баласынан, жар сүйгенінен, бала әкесінен айрылды. Туған жерді қасық қаны қалғанша қорғаған  аға ұрпақ өкілдері ерліктің ерен үлгісін көрсетті.  Ұлы Отан соғысының ардагері Сайпулла Мурсалов -осындай ердің бірі.
1925 жылы 25 желтоқсанда  Грузин ССР-ы  Ахал ауданына қарасты  Акысқа ауылында өмірге келген  ол сол дәуірдегі қиындықтарды еңсере жүріп,  жеті жылдық білім алып шығады. Түрік, латын, кейіннен грузин  тілдерін жетік меңгерген  бозбала  ауыл шаруашылығы  жұмыстарын  атқара жүріп, нан қадірін, тұз бағасын біліп өсті.
Ел басына күн туған шақта барлық ер-азаматтар секілді  Сайпулла да  майданға аттанады.  Алдымен  Ресейдің дала  армиясында жеті ай  әскери дайындықтан өтіп, сержант атағын алады.  3-ші Украин майданының құрамына түскен ол  орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин, түрік пен  өзбек, бір үйдің баласындай  жауға алмас қамал болып  жұмылады. От пен суға түсіп, окоптарда тоңып, өзендерді кеше жүріп,  Украинаның Николаев ауылында  жаумен бетпе-бет келіп, ауыр жарақат алған Сайпулла Украинаның Дружковка қаласындағы госпитальда екі ай емделіп,  қайтадан майдан шебіне оралады. 1944 жылғы сұрапыл соғыста  екінші рет жараланған Сайпулла Дағыстан автономиялық ССР-дың Махачкала қаласындағы әскери госпитальде емделіп, туған  ауылы- Акыскаға оралады.
1944 жылы  көптеген ұлт өкілдері   еріксіз туған Отандарынан көшірілгені тарихтан аян. Осы  жылдары  Мурсаловтардың жанұясы Өзбекстаннан бірақ шығады. Мұнда да  еңбектің  озат үлгісін көрсеткен Сайпулла болашақ зайыбы Гурнуш Мамедовамен отбасын құрады. 1963 жылы Сайпулла  аға Ташкент қаласындағы бақ агрономдарын даярлайтын курсты бітіріп, мақта өндірумен шұғылданатын  қала маңындағы кеңшарда  алғашында есепші, кейіннен совхоз (бригадирі) жұмысшыларының жетекшісі қызметтерін атқарады. Бұдан жиырма жыл бұрын  Байзақ өңіріне көшіп келген  Сайпулла атамыз асып тасуды білмейтін, қарапайым, барға қанағат тұтатын асыл азаматтың бірі десек қателеспейміз.   Кейбіреулер секілді “соғыс ардагерімін, маған үй, көлік беруге міндетті” дегеннен гөрі әрбір азамат туған елдің, жерін қорғауға міндетті деп санайтын абыз  атаның қарапайымдылығына тәнті боласың.
Екінші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «СССР-дің 60 жылдығы», «СССР Қарулы Күштеріне 25, 70 жыл» медальдарымен наградталған ардақты қария бүгінде  перзенттерінен тараған  немере, шөберелерінің қызығын көруде.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін214
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1403
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40404
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247790

Серіктестер