Онлайн газет



ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

Өңірде жер қойнауын заңсыз пайдаланудың алдын алу мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленді. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте аталған жоспардың алгоритмі қаралып, іске асыру барысы талқыланды. Енді аймақтағы жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға бақылау күшейеді.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев көлеңкелі  экономикамен күрес, оның ішінде жер қойнауын пайдаланудағы заңсыз әрекеттер туралы баяндады.
Өңірде барлығы 289 жер қойнауын пайдалану объектісі бар. Атап айтқанда, қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналған 110, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша 179 келісімшарт пен лицензия бар.
Ағымдағы жылы келісімшарттағы ішінара міндеттелерді орындамаған 38 жер қойнауын пайдаланушыға бұзушылықты жою туралы хабарлама жіберілді. 11 жер қойнауын пайдалану келісімшарты, лицензиясы мен рұқсаты кері қайтарылды.
Басқарма басшысының айтуынша, жер қойнауын заңсыз пайдаланудың  алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелеп, жұмыс сапасын арттыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары әзірленген.
Жоспарға сәйкес, Тараз қаласы мен аудандарда мобильді топ құрылады. Топ мүшелері жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілеріне күнделікті мониторинг жүргізіп, құқықбұзушылықтарды анықтайды. Жер қойнауына келтірілген залал,  заңбұзушылықтар анықталған жағдайда құзырлы органдар заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қолданады.
Топ құрамына ауылдық округ әкімдері, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімдерінің жауапты мамандары, ішкі істер департаментінің өкілдері және қоғам белсенділері кіреді.
Ербол Қарашөкеев жер қойнауын пайдалану бойынша кәсіпкерлермен жасалған келісімшарттағы міндеттемелердің орындалуына толық талдау жүргізуді, заңсыз жер қойнауын пайдалануды анықтайтын мобильді топтарды құру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сонымен бірге жер қойнауын заңсыз пайдаланып жүрген тұлғаларға қатаң шара қабылдап, ұсынылған іс-шаралар жоспарын бір апта мерзімде қайта қарап, ұсыныстар беруді міндеттеді.
Басқосуда күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Сматов, мамандандырылған табиғат қорғау  прокурорының міндетін атқарушы Сағынтай Айтжанов, геология инспекциясының басшысы Асқар Құндызбаев, Шу-Талас бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Нұрболат Рахымбердиев сөз сөйледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін780
mod_vvisit_counterКеше1481
mod_vvisit_counterОсы аптада8020
mod_vvisit_counterӨткен аптада12089
mod_vvisit_counterОсы айда36127
mod_vvisit_counterӨткен айда50604
mod_vvisit_counterБәрі2776297

Серіктестер