Облыста кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2 909 пәтерлі 56 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстарға 12,3 млрд. теңге қарастырылған. Биыл 2 569 пәтерлі 51 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. 6 айдың қорытындысына сәйкес 104 пәтерлі 2 арендалық тұрғын үй мен жеке инвестиция есебінен салынған 383 пәтерлі 11 үйдің құрылысы
аяқталды. Ағымдағы жылы 14-шағынауданда 5,2 млрд. теңгеге 800 пәтерлі 22 әлеуметтік кредиттік тұрғын үйдің құрылысын бастау күтілуде. Биыл халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 1 575 азамат арендалық тұрғын үймен қамтылады. Бұл бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз пайдалануға берілетін 354 пәтер, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ есебінен жекешелендіру құқығымен жалға берілетін 1 221 пәтер сатып алуға қаражат қаралды. Өткен жылмен салыстырғанда пәтер 2 есеге (2023 ж.-864 пәтер), ал қаражат көлемі 3 есеге (2023 ж.-7,8 млрд., 2024 ж.-23,2 млрд.) артты. Еске сала кетейік, өңірде тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне 38 503 азамат тіркелген. Биыл жамбылдықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін өткен жылмен салыстырғанда 227,1 пайызға (2023 ж.-100,2%) арттыру жоспарлануда. Оның ішінде 2 173 шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй, 2 151 шаршы метр әлеуметтік кредиттік тұрғын үй бөлу жоспарлануда.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі. |