Онлайн газет



ЕГІН ОРАҒЫ АЯҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

Биылғы жылы аудан бойынша 8750 гектар жерге бидай, 12005 гектар жерге арпа егілген болатын. Өткен қыста жерге қардың қалың түсуі, көктемде жауын-шашынның мол болуы егістіктің жақсы шығуына әсер етті. Шаруаларда ала жаздай арпа, бидайларын дұрыс күтімдей білді. Нәтижесінде егіннің шығымы жақсы болғанын айтуымыз керек.
Шаруалар арпа, бидайды төкпей-шашпай жинап алуға ерте дайындық жасады. Әсіресе науқанға қатысатын комбайндар мен тракторлар жөндеуден өткізілді.
Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша аудан бойынша егін жинау науқанына 31 комбайн қатысып жатса, олардың 5-і сырттан шақырылғандар.
Ұйымшылдықтың арқасында кешегі күнге дейін аудан бойынша 15976 гектар жердің егісі сапалы жиналып, одан 29044 тонна өнім алынды. Ал бұл әр гектардан 18,2 центнерден өнім алынғанын көрсетіп отыр.
Округтер арасында әр гектардан 30,0 центнерден өнім алған көкталдықтар көш бастап тұр. Ал әр гектардан 20,0-22,7 центнерден өнім алып отырған Жаңатұрмыс, Бурыл, Қостөбе, Сарыкемер ауылдық округі шаруаларының көрсеткіштеріде мақтауға тұрарлық.
Ал керісінше көптеректіктер мен темірбектіктердің әрқайсысы орылған 1223 гектар  бидай, арпаның әр гектарынан 15,0 центнерден ғана өнім алып отыр. Сазтерек, Мырзатай, Үлгілі, Суханбаев, Ынтымақ ауылдық округі шаруаларының әр гектардан жинаған өнімдері аудан көрсеткішіне де жетпей қалған.  Демек, орақтың соңғы күндері қалған бидай, арпаны жинауда ысырапқа жол бермей, көрсеткішті көтере түссек игі.
Ораққа байланысты жекеленген округтерге тоқталатын болсақ, Қостөбе мен Темірбек ауылдық округ дихандары өздерінің жинауға тиісті 350 және 1259 гектар жерлерінің 97,1 пайызын жинап үлгерді. Сондай-ақ Көптерек, Суханбаев, Жаңатұрмыс ауылдық округ механизаторлары  95,2-91,5 пайыз аралығындағы жерлердің  ырысын  жинап, өзгелерге үлгі көрсетіп отыр. Ал керісінше бидай, арпаны жинауда Үлгілі, Диқан, Түймекент, Сарыкемер ауылдық округі механизаторлары өз жерлерінің бар болғаны 63,8-37,5 пайыз аралығындағы егістіктерін  орып үлгерген.
Кейінгі күндердегі ауа райының шамадан тыс ысып кетуіне қарамастан жұмыс қарқынды жүруде. Демек, біздің механизаторларымыз ауа райының тиімді тұсын пайдалана отырып, жауын-шашынға ұрынбай бидай, арпамызды төкпей-шашпай жинап алулары керек-ақ.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1155
mod_vvisit_counterКеше1566
mod_vvisit_counterОсы аптада2721
mod_vvisit_counterӨткен аптада10442
mod_vvisit_counterОсы айда19130
mod_vvisit_counterӨткен айда47003
mod_vvisit_counterБәрі2855705

Серіктестер