Онлайн газет



ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ

Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында өтетін  V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 37 күн қалды.
Дүбірлі додаға 89 елден 2 мыңнан аса спортшылар келетіндігін теледидардан көріп, басылым беттерінен оқыдық. 2014 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын Қырғызстан үш мәрте өткізген екен.  Бұдан екі жыл бұрын Түркия мемлекетінде өткендігін жақсы білеміз.
Енді міне биыл Елордамызда өтетін V Дүниежүзілік  көшпенділер ойындарында  97 медаль жиынтығы сарапқа салынатындығын да білдік.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының мақсаты-өркениет мұрасы ретінде әлемде этномәдени және этноспортты дамыту, ата-бабаларымыздың мұрасы, мәдениетіміздің ең құнды бөлігі  болып табылатын- ұлттық ойындарды кеңінен жаңғырту болып табылады. Демек, болашақта өсіп келе жатқан жастарымыздың арасынан ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылық оянып қана қоймай, ұлттық спортымызды әлемге танытатын болады. Олай болса Елорданың төрінде өтетін ауқымды шарада еліміздің намысын қорғайтын споршыларымыз ел үмітін ақтап, көк туымызды биіктен желбіретіндігіне сенімдіміз.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін858
mod_vvisit_counterКеше1335
mod_vvisit_counterОсы аптада7126
mod_vvisit_counterӨткен аптада9628
mod_vvisit_counterОсы айда15410
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2942425

Серіктестер