Онлайн газет



АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Кездесулер өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес, аудан әкімінің міндетін атқарушы Болат Сағынбеков Қызыл жұлдыз ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуде Болат Мырзаханұлы    халықтың тұрмыс сапасын жақсарту-басты міндет екендігіне екпін сала отырып,  ауданда атқарылған жұмыстар мен алда тұрған маңызды міндеттерге тоқталды.
Жүздесу барысында тұрғындар тарапынан ауылдық дәрігерлік амбулатория құрылысының салынуы, мекеменің теңгеріміне берілуі, стоматолог пен акушер дәрігер мамандарымен қамтамасыз ету, мердігер жұмысын ауыл тұрғындары тарапынан қоғамдық бақылау, мемлекеттік қайтарымсыз грант, дене шынықтыру және сауықтыру кешенін салу, ауылдағы ескі амбулаторияны спорттық клуб теңгеріміне беру мәселелері көтерілді.


Өз кезегінде аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Мырзағали Мадимаров аудан аумағында он жеті ауылдық дәрігерлік амбулатория болса, оның он төрті жаңартылып жатқанын, стоматолог маманы мен акушер гинеколог дәрігеріне қатысты түсінік берді. Ауыл әкімі де қоғамдастық мүшелері арасынан қоғамдық бақылау жұмыстарының ұйымдастырылып жатқанын жеткізді.
Осы және өзге де мәселелер бойынша айтылған өтініштер мен ұсыныстардың жүзеге асырылуын айтып, қойылған қосымша сұрақтарға жауап берген Болат Мырзаханұлы тұрғындардың мәселелерінің ешбірі аяқсыз қалмайтынын, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын айтты.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Обновлено 29.07.2024 21:13
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1059
mod_vvisit_counterКеше2026
mod_vvisit_counterОсы аптада4755
mod_vvisit_counterӨткен аптада9628
mod_vvisit_counterОсы айда13039
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2940054

Серіктестер