Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған сәттен бастап, діни саладағы жандану үрдісі күшейе түсті. Дәстүрлі діндер қайта өркендей бастады. Сонымен қатар халыққа дін туралы ақпарат беруші дәстүрлі емес діни ағымдардың да қатары артты. Бұл жайт бүгінгі таңда да аса өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда әрбір азамат дәстүрлі емес діни ағымдардың мақсат-мүдделері, олардан сақтану жолдары туралы хабардар болғаны жөн. Дәстүрлі емес діни ағымдар -белгілі бір мемлекеттің құндылықтарына, салт-дәстүрлеріне қарама-қайшы келетін, ел арасына іріткі салушы, бүлдіргіш күштер болып табылады. Олар әртүрлі теріс әдістерді пайдалану арқылы адам санасына әсер етіп, жекелеген адамдарды
рухани, психологиялық тәуелділікке түсіреді. Теріс діни ағымдар тұлғаға өткен өмірін, жүріп өткен жолын толық ұмыттырып, оған теріс діни ағымның идеологиясын сіңіреді. Мұндай сипаттағы діни ұйымға кірген азамат жаңа ортаның талаптарын бұлжытпай орындай бастайды. Ол өзін «ең таза», «ең әділ» діни жолда жүрген жан ретінде сезінеді. Қазіргі уақытта діни себептерге байланысты ата-анасына, туған-туыстарына, салт-дәстүр құндылықтарына қарсы шығып жүрген жандарды осыған мысал ретінде келтіре аламыз. Өйткені олар өздерін ең тура жолда жүрген жан ретінде есептейді. Теріс діни ағым өкілдері өздерінің қалауын, oйын, пікірін баcқа адамдарға мәжбүрлеп oрындатқыcы кeлeді. Ал ол идеяны қабылдамаған жандарға ерекше жеккөрініш сезімі туындайды. Теріс діни ағымдарға бoй алдырған азаматтардың көзқараcы мeмлeкeттің мүддecінe, ұлттық cана-ceзімгe қарама-қайшы кeлeді. Oлар өз өмірлeрінeн патриотизмді, cаяcи бeлceнділікті ыcырып, теріс діни идеяларды нeгізгі құндылыққа айналдырады. Дәстүрлі емес діни ағымдар тарапынан Қазақcтанға қауіп төндіріп отырған идеялар қатарына мыналар жатады: 1.Діндегі фундаменталистік түсініктерді насихаттау және заманауи өмір салтын мойындамау; 2. Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жоққа шығару; 3.Қалыптасқан зайырлы мемлекеттік жүйеге қарсылық және діни мемлекет орнатуды көксеу. Көрсетіліп отырған қауіп-қатерлердің барлығы қазақ жеріндегі ұлттық, діни бірегейлікті жоюға жол бастайды. Сонымен қатар дәстүрлі емес діни ағымдар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне қауіп төндіретін идеяларды да насихаттап, конфессияаралық бірлікке қауіп төндіруде. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында сот шешімімен бірқатар діни ұйымның қызметі экстремистік және террористік деп танылып, оларға тыйым салынған. Жалпы алғанда дәстүрлі емес діни ағымдардың халыққа ықпалын болдырмау үшін профилактикалық жұмыстардың сапалы болғаны өте маңызды. Діннің тұтастығы-елдің тұтастығы екені баршаға мәлім. Діни саладағы береке-бірлікті сақтау арқылы біз конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ете аламыз. Сөзімнің соңын Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиялық Жолдауында айтқан мына бір сөздерімен аяқтағым келеді: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін-ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал». Діни сана дұрыс бағытта жүрсе қазақ ұлты да жаһандану заманында өзінің ұлттық ерекшелігін сақтап қала бермек.
Алмас Құлымбетов, гуманитарлық ғылымдар магистрі, дінтанушы, тарихшы. |