Онлайн газет



Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған еңбек жәрмеңкесі

Бейсенбі күні аудан әкімдігінің  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  ғимаратында  тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі азматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкені аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы  Ә. Саққұлова ашты. Бұдан соң  сөз алған аудан әкімінің орынбасары М. Демесинов өткізіліп отырған жәрмеңкенің мақсатына тоқталды. Ол өз сөзінде  Елбасының биылғы Жолдауында әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керектігін, олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екендігі туралы айта келе, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар-мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бос және жаңадан ашылған жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндік жасайтындығын айтты.
Анықтама үшін:
Аудан бойынша 2756 мүгедек есепте тұрады, оның ішінде: І топтағы мүгедектер -486, ІІ топтағы мүгедектер -1033, ІІІ топтағы мүгедектер -918,   бала жастан  мүгедектер-322.   Екінші, үшінші  топ мүгедектер арасынан 626 мүмкіндігі шектеулі азаматтар  әр түрлі салада  еңбек етуде. Осы топтағы мүгедектер арасынан бүгінгі таңға 281 адам (оның ішінде 15-і жұмысқа тартылған)  жұмыс істеуге ниет білдіріп отыр.

Іс-шара барысында   мүмкіндігі шектеулі азаматтар бос жұмыс орындары бар мекеме өкілдерімен тікелей әңгімелесу арқылы ұсынылатын жұмыс түрімен,  қызметкерге қойылатын жұмыс берушінің талаптарымен танысып,  еңбек заңнамасы, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері, жұмыспен қамтудың белсенді түрлері бойынша кеңестер  берілді.
Жәрмеңкеде жұмыс берушілер тарапынан  5 бос жұмыс орындары ұсынылып, мүмкіндігі шектеулі 5 азамат жұмысқа  жолдама алды.  Атап айтқанда, жәрмеңке арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтың бірі, “Жастар практикасымен”- Байзақ аудандық орталық кітапханасына-бір адам, Қостөбе  және Темірбек  ауылдық округіне ақылы жұмысқа  бір-бір  адамнан, “Сенім” шаруа қожалығына,-әлеуметтік жұмыс орнына бір жұмысшы,  “Дариға апа” балалар бақшасына  бір іс жүргізуші жіберілді.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 28.04.2014 11:24
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін472
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада472
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40662
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248048

Серіктестер