Онлайн газет



САҚТЫҚ - САУЛЫҚ КЕПІЛІ

Газ баллондарын пайдаланған кезде өте  абай болған абзал. Өйткені көптеген табиғи газдар адамдар үшін қауіптің ықтимал көзі болып табылады. Газ баллондарының жарылуы мен газ-ауа қоспасы тарсылының негізгі себептері-қауіпсіздік талаптарын дұрыс пайдаланбау,  тұрмыстық газ баллоны мен газ жабдығын сақтау ережелерін бұзу, олардың дұрыс жұмыс істемеуі болып табылады. Осыған орай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері газбен байланысты оқиғаның алдын алу мақсатында жүйелі іс-шаралар жүргізіп келеді.
Газ жабдықтарын уақтылы тексеріп, ақауы болса жылдам жөндеген абзал.Газ баллондарын тек мамандандырылған ұйымдарда толтырған ләзім. Сонымен қатар алдағы  жылыту маусымына дайындықты қазірден қолға алып, мұржаларды  тазалап, пештерді жөндеген ләзім. Ақаулы жылыту аспаптары мен газ жабдықтарын пайдалануға қатаң тыйым салынатындығын естен шығармаңыздар.
Сақтық-саулық кепілі. Газ аспаптары мен жабдықтарын орнатуды, реттеуді, тексеруді және жөндеуді білікті мамандарға тапсырыңыз. Балаларды газ аспаптарына жіберу жағдайларын болдырмаңыз. Газ құрылғыларын қолданарда сақтық шараларын мейлінше естен шығармағандарыңыз жөн. Егерде төтенше жағдай орын алатын болса, “101” және “112” нөмірлеріне хабарласуды ұмытпаңыздар.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін160
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3314
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33454
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824660

Серіктестер