Онлайн газет



ИГІ БАСТАМА

Мемлекет басшысының тапсырмасымен  ел көлемінде “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы өтіп жатқаны баршамызға белгілі.
Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған жоба  бүгінде “Таза бейсенбі” экоакциясына ұласып,  өңірімізде тазарту жұмыстарына жалғасып жатыр. Бұл науқанда “Аmanat” партиясының  мүшелері де белсенділік танытып, туған өлкенің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосуда.
-“Таза Қазақстан” акциясының басты мақсаты- қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қоғам назарын аудару және жастарды экологиялық бастамаларға тарту. Аталған акция сонымен қатар  жас ұрпақты қоршаған ортаға, табиғат-анаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейтін болады
Экологияны жақсарту, халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында ұйымдастырылған әрбір сенбіліктің маңызы зор деп білеміз. Тазалық салтанат құрған жерде тәртіп болады. Әрбір аудан тұрғыны өсіп келе жатқан балаларын өзі өмір сүріп жатқан аумақты таза ұстауға, табиғат-ананы аялауға үйретсе, көше де,  елді-мекендеріміз де, өңірімізде таза болар еді. Сондықтан аталған шараға барлық тұрғындарды біркісідей қатысуға шақырамын,-дейді сарыкемерлік Әбдісамат Әбдібекұлы.
Акция аясында аудан аумағындағы 18 өзен-көл, 70 шақырым каналдар мен арықтар, 373,6 шақырым ұзындықта көшелер мене аулалар тазартылды. 4300 дана қураған тал бұталып, 45 тонна қоқыс шығарылды. 34 ескерткіштің аумағы тазаланып, 2610 шаршы метр гүлзарлар отырғызылды. Бұл іс-шараға жалпы 6530 адам қамтылып, 35 техника жұмылдырылған екен.
Апта сайынғы сенбіліктер тазалықты сақтау мен аудан тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізіп келеді.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1818
mod_vvisit_counterКеше1658
mod_vvisit_counterОсы аптада1818
mod_vvisit_counterӨткен аптада13911
mod_vvisit_counterОсы айда28958
mod_vvisit_counterӨткен айда37584
mod_vvisit_counterБәрі2468140

Серіктестер