Онлайн газет



Үлгілідегі үлгілі іс

Ұлы Жеңістің 69 жылдығына байланысты іс-шаралардың алды басталып та кетті. Ұлық мерекеге орай Үлгілі орта мектебінде ауылдағы «Жастар орталығы» мамандарының мұрындық болуымен Ұлы Отан соғысының ардагері Базарбай Қалдыбаев және Ауған соғысына қатысқан Еркін Құрмантаевпен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесу барысында отты жылдарды басынан өткізген майдангерлер өткен күннен естеліктер айтып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Мұнан соң ардагерлер бастаған ұстаздармен оқушылар қауымы білім ошағының айналасына тал-ағаштер екті. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» ұранымен өткен бұл үлгілі істе жастармен бірге қадірменді қариялар қолдарына күрек алып 50-ге тарта жеміс ағаштарының түр-түрін топыраққа орналастырып, су құйды. Б.Қалдыбаев, Е.Құрмантаев «Ағашты жердің ырысы мол, бауырмалдың тынысы мол» дей отырып, жасыл желектердің жайқала өсуін, оның саясында балалардың бақытты ғұмыр кешуін тілесе, өз кезегінде Үлгілі орта мектебінің директоры Ф.Шаухаров пен білім ошағының ұжымы да қарт майдангерлерге игі тілектерін жеткізді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 28.04.2014 11:16
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін408
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1597
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40598
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247984

Серіктестер