Онлайн газет



ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

1М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Өткен аптаның сейсенбісі күні Дихан ауылдық округіне қарасты Ленин орта мектебінің спорт залында кәсіпқой бокстан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Марат Мәзімбаевтың жүлдесіне арналған

1997-1998, 1999-2000 жылы туылған ұлдар және 1998-1999 жылы туылған қыздар арасында V халықаралық турнирдің басталғандығы туралы газетіміздің алдыңғы санында жазған болатынбыз.
№8 Ж.Үшкемпіров атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен Ленин орта мектебі әкімшілігінің атсалысуымен ұйымдастырылған турнир бес күнге созылды. Аудан жанкүйерлеріне делебе қоздырар қызықты ойын өрнегін ұсынған бокс бәсекесі аптаның соңына таман өз мәресіне жетті. 
Көршілес елдер Қырғызстан мен Өзбекстаннан, еліміз аймақтары - Астана, Алматы, Тараз қалаларынан, Маңғыстау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан және облыс аумағындағы барлық аудандардан 25 командаға топтасқан 205 спортшы халықаралық турнир жеңімпазы атану үшін бар әдіс-тәсілдерін жанкүйер қауымға паш етті. Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, ұлттық дәрежедегі төреші Жұмабек Төребекұлының төрелігімен өткізілген бокс бәсекесінде біздің өрендер ауданымыздың намысын қолдан бермей, абыройымызды асқақтатып, топ жарды.
Атап айтқанда, ұлдар арасында 46 келі салмақта Е.Жантаев, 48 келіде Б.Мухамед, 57 келіде Д.Сырғабаевтар, қыздар арасында 36 келіде С.Әбілханова, 44 келіде Д.Төлеғұлқызы, 46 келіде М.Жарылқасымова, 48 келіде Ж.Шажировалар ақтық кездесулерде қарсыластарын тізе бүктіріп, таза жеңіске қол жеткізді. Сонымен қатар, 28 келіде М.Аманбаев, 36 келі салмақта өнер көрсеткен А.Нуржанова мен А.Дүйсенқұл, 40 келіде Е.Ергешов, 44 келіде А.Қуанышбек, 48 келіде В.Рахманова, 63 келіде Е.Әбдіқазиевтер жүлделі екінші орыннан көрінсе, Н.Жуасбеков, А.Мырзағалиев, Э.Мавлюдов, Е.Радкулов, А.Жомарт, А.Моюсиктер үшінші орынды қанжығаларына байлады. Жарыс қорытындысында Ерзат Жантаев пен Сандуғаш Әбілхановалар «Үздік боксшы» атанса, «Жеңіске деген жігерлілігі үшін» Айбек Дүйсенқұл марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тағайындаған Кубок, Диплом, медальдар және ақшалай-заттай сыйлықтармен марапатталды. Осылайша дүбірлі додада біздің өрендер жеті алтын медальмен жалпыкомандалық есепте топ жарса, Тараз қаласынан келген команда мен Жамбыл ауданының боксшылары екінші және үшінші орыннан көрінді.
Ауданымыздағы №8 Ж.Үшкемпіров атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұжымының тынымсыз еңбектерінің арқасында талай жастарымыздың (әсіресе қыз балалардың) боксқа деген  қызығушылығын арттыруға себеп болған қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Марат Мәзімбаевтың жүлдесіне арналған бесінші халықаралық турнир алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады. Жеңістің жалауын желбіретіп, ауданның намысын қорғап, айтулы бәсекелерде топ жаратын спортшылар қатары арта түсетініне сенім мол.

 

Обновлено 08.10.2012 19:37
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін376
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6393
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31960
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202690

Серіктестер