Онлайн газет



Таза болу – аурудан ада болу

Е.Джаманкулов,
«Шипагер» ЖШС-і, тіс емханасының меңгерушісі.

«Бірінші байлық – денсаулық» екені бәрімізге де мәлім. Осыған байланысты тазалықты сақтау өте маңызды. Мен тіс дәрігері болғандықтан ауыз тазалыған сақтауды насихаттаймын. Оған қажетті заттарды тек дұрыс пайдалана білу керек.
«Ауру – ауыздан...» деп халық тауып айтқан, оған дәлелдер мен мысалдар өмірде жетерлік. Тісті күнделікті дұрыс тазалап тұрмаса, ас қалдықтары тіс тастарына қосылып, ауыз микробтарының ұясына айналады. Зерттеулерге қарағанда 1 мг тіс тасында ондаған миллион микроорганизм болады. Дер кезінде алынбаған тастар тіс жегі ауруын және оның зардапты түрлерін (пульпитті,  периодантитті) туғызады. Ол аз болғандай, көбіне қызыл иек тіні қызарып, домбығып, қанап, кейде қанталап іріңдеп, қанжел кеселінің пайда болуына әкеп соғады. Сондықтан да қазақ тазалық туралы «Таза болу – аурудан ада болу» дегенді қайталап айта беруден жалықпаған. Соңғы кездегі медициналық тәжірибелер мен клиникалық деректер бұған көз жеткізіп отыр. Тіспен ішкі ағзалар да өзара байланысты. Дәлірек айтсақ, ауру тіс инфекциясының ошағы  болып, іш құрылыс органдарының, жүйке жүйесінің, тіпті аллергия ауруын да қоздыратыны  дәлелденді. Тіс ауруы мен іш –құрылыс органдарының – асқазан, бауыр, бүйрек, ішек–қарын ауруларының біріне-бірі  байланыстылығы біріншіден, тістің жоқтығынан тамақты жөнді шайнамай, асқазанға ауыртпалық түсіреді; екіншіден – ауру тіс әр түрлі ауру тудырғыш инфекция ошағы болғандықтан  басқа органдардың ауруын туғызады; үшіншіден  - ауру тіс іш құрылыстың барлық  функцияларының жұмысын нашарлатады. Тісі аурып, сыздаған адам мезгілімен тамақ ішпей, ұйқысы бұзылып, мазасы кетеді. Тіпті адам тісі кескін-келбетіне, ажарына, түсіне эстетикалық  тұрғыдан әсер береді. «Әдемі тісің – шырайлы түсің» деген мәтел әдемілікті, жарасымдылықты,  физиологиялық үйлесімділікті аңғартады.
Сондай-ақ «жақсы шайнаған ас – жартылай қортылған ас» - деген сөзде де терең мағына бар. Осы жөнінен ғылым, әдебиеттерге жүгінсек асты жақсылап, асықпай шайнаған кезде тіпті көздің жанары да өткірлене түседі екен. Оның  үстіне асты шайнаған сайын бет-жақ сүйек еттері де шынығып, қан айналымы жақсарады. Сілекей қалыпты мөлшерде бөлініп, өзінің қызметін ойдағыдай атқарды.
Енді кішкене тіс  ауруларына тоқтай кетейік.  Тіс ауруларының көп тараған түрі – кариес, тіс жегісі. Тіс жегісі тіс шыға бастағаннан –ақ пайда бола бастайды. Ол жаңадан қалыптасып келе жатқан жас буынның организміне де үлкендерге де әсерін тигізбей қоймайды. Тістің кариес ауруы ыстық, суыққа шыдатпай, адамның жүйке жүйесінің де ауруын қоздырады. Тіс жегісінің, ауыз қуысындағы шырышты қабықтың қабынуы және қызыл иек ауруларының алдын алудың өте тиімді  құралы – ауыз қуысын таза ұстау. Тазалық тісті сақтаудың қарапайым және өте тиімді тәсілі.
Тіс щеткасын дұрыс пайдалана білу керек. Алдымен тіске тігінен – қызыл иектен тістің жиегіне қарай және тістің артқы бөлігін де тазартуды ұмытпаған жөн. Ауыз  қуысын таза ұстауды жас кезінен қалыптастыру керек.
Тіс ауруы әсіресе жүкті әйелдерге зиян. Жүкті әйелдердің бала  көтерген уақытында организмде көптеген өзгерістер болатындығы белгілі. Өмірге бет алған сәбилердің қалыптасуына неше түрлі микро-макро элементтер қажет. Бұл заттар балаға келешек ананың ішкен тамағымен бірге барады. Дұрыс тамақтанбағандықтан бұл заттарды нәресте ана организмінен алады. Көп  жағдайда жас аналардың тістерінің түсетін себебі сол. Ауру тістер балаға инфекциялық орта болады да, органдары жаңадан дамып келе жатқан баланың сүйегінің немесе басқа да мүше жұмысының нашарлауына әсер етеді. Болашақ ана дені сау нәресте әкелем десе, ауруды алдын ала болдырмаудың қамын ойлап, тіс дәрігеріне дер кезінде қаралып тұруы керек. Ем-домның басы – ауыз тазалығы. Әлгі тіс тастары қызыл иекке шөкпеу үшін тісті дұрыс дәрі шөптермен шайған өте пайдалы. Бірақ ең алдымен тіс тастарын кетіргенде ғана, ем-домдық шаралар дәру болады.
Халқымыз «денсаулық – зор байлық» деп тегін айтпаған. Ал «тазалық – денсаулық кепілі» екені айтпаса да түсінікті. Аурудың алдын-ала болдырмаудың қамын ойлап, тіс дәрігеріне дер кезінде қаралып тұру керек. Күнделікті тіс тазалауды ұмытпай, А, В, С, Д дәрумендері мен кальций, фосфор, калийі бар тамақтарды ішу керек. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын болсақ,  ауыз тазалығын сақтап, жылына екі рет тіс дәрігеріне көрініп, дәрігер кеңесін орындаған абзал. Сонда ғана тісіңіз сау, аурудан аман боласыз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін174
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада9196
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда5103
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256772

Серіктестер