Онлайн газет



СЕНАТ ДЕПУТАТЫ – АУДАНЫМЫЗДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ауданымызға келді. Сенаторды аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков қарсы алып, бірге жүрді. Сенатор жұмыс сапарын Қызыл жұлдыз ауылындағы 45 келушіге арналған жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарымен танысудан бастады. Бұдан соң Сарыкемер ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешені нысанын және Кеңес ауылындағы 90 орындық жаңа ауылдық клубтың құрылыс жұмыстарын аралап көрді.
Сенатор құрылыс жұмыстарымен танысуда құрылысты кестеге сай, сапалы жүргізу керектігіне назар аударды. Бұл ретте қазіргі ауа райының қолайлы тұсын тиімді пайдалану керектігі ескертілді. Күзде жауын-шашын көп болса, артынша қыс келеді. Демек, құрылыс жұмысын кестеге сай жүргізіп, аталған нысандарды дер кезінде халық игілігіне беру керектігі баса айтылды.
Сенатор Б.Орынбеков өзінің іссапарын сол күні көршілес Жамбыл ауданында жалғастырды.

Айдар Алдабергенов.

Обновлено 04.07.2024 21:36
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1181
mod_vvisit_counterКеше1670
mod_vvisit_counterОсы аптада2851
mod_vvisit_counterӨткен аптада9628
mod_vvisit_counterОсы айда11135
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2938150

Серіктестер