Онлайн газет



ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛДЫ

Апта басында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан прокуроры Мүлкеманов Ақберген Жанысбекұлының төрағалығымен «Қылмыстық ахуалдың жай-күйі  және алдын алу шараларының тиімділігі туралы» мекемеаралық мәжіліс отырысы болып өтті.
Мәжіліс отырысына аудан әкімі аппаратының мамандары, бірқатар бөлім басшылары, ауыл және ауылдық округ әкімдері, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібі бойынша аудан әкімінің орынбасары Р. Қасымов, аудан прокурорының орынбасары С.Байготанов және  аудандық полиция бөлімі бастығы орынбасарының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі М.Мүсрепбеков баяндама жасады.
Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныс, пікірлер айтылды.  Ал ауыл, ауылдық округ әкімдеріне әрбір ауылдарда қылмыстың алдын алуға байланысты тиісті шаралар жүргізіліп отыру керектігі жөнінде ескертілді.
Отырыс соңында күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 04.07.2024 21:34
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін170
mod_vvisit_counterКеше1296
mod_vvisit_counterОсы аптада1466
mod_vvisit_counterӨткен аптада10005
mod_vvisit_counterОсы айда19755
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2946770

Серіктестер