Онлайн газет



ЕЛОРДА - ЕЛІМНІҢ МАҚТАНЫШЫ

Еуразияның орталығы саналатын Астана-тәуелсіздіктің төл туындысы саналады.  Бүгінгі таңда сәні мен салтанаты жарасқан Елорда - әлемдегі ең жас астаналардың бірі.
Тарих беттерін парақтайтын болсақ, Ақмола бастапқыда бекініс ретінде дүниеге келіп, оның іргесінде қазақ ауылы пайда болған екен. Атауы Қараөткел, Ақмола,  Целиноград, қайтадан Ақмола, Астана атына ие болған жасампаз қала 1998 жылдан бері Қазақстанның орталығына айналды.
Елорда арқылы қазақ елін әлем таныды. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім мен отансүйгіштік рухты тәрбиелейтін жасампаз  қала күннен-күнге көркейіп келеді. Ел символына айналған «Астана-Бәйтерек» кешені,  Ақорда ғимараты, «Атамекен» этнографиялық саябағы, Парламент пен Үкімет үйлері,  «Қазақ елі» мемориалды кешені, ұзындығы 214 метрді құрайтын Есіл өзенінің «Сарыарқа» көпірі, Қазақстан картасы-«Атамекен» этномемориалдық кешені, «Думан» ойын-сауық кешені, әуенді субұрақтар бағы, «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығы келушілерді тәнті етуде.
Жылдан-жылға сәулетіне сәулет қосып келе жатқан, қазақтың айбынын асырған Астанамен қалай мақтансақ та жарасады. Өйткені бас қала-халқымыздың мақтанышы, тәуелсіздігіміздің тірегі саналады.
Астана күні қарсаңында бас қаламызда  Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті жиыны өтіп, оған 16 елдің Президенттері мен Үкімет басшылары, 7 халықаралық ұйымның жетекшілері қатысуда.
Алқалы жиында ауқымды мәселелер көтеріліп, экономика және қауіпсіздік саласындағы мемлекетаралық және өңірлік өзара іс-қимыл мәселелері талқылануда.
Астанамен барша қазақстандықтар мақтанады.Еңселі елордамыз мемлекетімізбен бірге гүлденіп, дами берсін! Астанасы бар елдің қашанда арманы асқақ, мәртебесі биік болады. Туған күніңмен, Елорда!

Мадина Манглигалиева,
Сарыкемер ауылының тұрғыны.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін757
mod_vvisit_counterКеше1481
mod_vvisit_counterОсы аптада7997
mod_vvisit_counterӨткен аптада12089
mod_vvisit_counterОсы айда36104
mod_vvisit_counterӨткен айда50604
mod_vvisit_counterБәрі2776274

Серіктестер