Онлайн газет



ІРІКТЕУ ТУРНИРІНІҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ

АСЫЛБЕК МОЛДАТАЕВ «ТҮЙЕ ПАЛУАН» АТАНДЫ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Қазіргі таңда еліміз аумағында Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне тігілген «Қазақстан барысы» қазақ күресі республикалық турниріне іріктеу жарыстары ұйымдастырылып жатқандығы белгілі. Іріктеу жарыстары алдымен аймақтарға бөлінген ауыл-ауылдарда өткізіліп, нәтижесінде жеңімпаз атанған балуандар аудандық турнирге жолдама алған болатын.
Ағымдағы жылдың 22 сәуірі күні Ж.Үшкемпіров атындағы спорт сарайында ұйымдастырылған бұл жарысқа ауылдық округтерде өткен іріктеу жарыстарының бірінші кезеңінде (І кезеңі 21 сәуірде 4 аймақта өткен болатын) жеңіп шыққан палуандар өнер көрсетті.
Спортсүйер қауымға өнегелі ойын өрнегін көрсете білген балуандар бәсекесі қызыққа толы болды. Жарыс қорытындысында «Түйе палуан» атағын Қазақстан Республикасының спорт шебері, ауданымыздағы күрес түрлерін дамытуда көп жылдар тапжылмай еңбек етіп келе жатқан Ж.Үшкемпіров атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Асылбек Молдатаев жеңіп алды. Сонымен қатар, өз дәрежесіндегі салмақтар бойынша жеңімпаздар қатарында +90 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Бекзат Ашимов бірінші орын иегері атанса, жүлделі екінші орын Дастан Қуанышбаевқа бұйырды. 90 келіде күш сынасқан Ғанибек Медиманов бірінші орынды, Равиль Махмутов екінші орынды қанжығаларына байлады. 80 келі салмақта бірінші орын Болат Исмайловқа бұйырса, Қуаныш Қалдығұлов пен Ғазиз  Іскендіровтер жүлделі екінші және үшінші орындарды иеленді. 70 келіде Жұмабай Нұрсұлтан қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орынды иеленсе, Ақтөре Әбдімомынов екінші және Қайрат Қожаев үшінші орын тұғырына көтерілді. 60 келі салмақта бірінші орын И.Аллабергеновке, екінші орын Ж.Сейдібайға, ІІІ орын А.Тілеу мен А.Үсіпалиевтерге бұйырды. Сондай-ақ 55 келі салмақта күш сынасқан балуандар арасында З.Серіковке қарсылас шақ келмесе, Қ.Тулебаев, Н.Амирбеков және Т.Пармановтар жүлделі екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті.
«Аталмыш турнирдің ұйымдастырылуы мен жоғары дәрежеде өтуіне атсалысқан  аудан басшысы Мұратхан Шүкеевке, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Тлеповке, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына, аудандық «Ауыл жаңалығы» газетінің директоры-бас редакторы Сапар Қалмұратовқа, жарысқа демеушілік көмек көрсеткен №9 спорт мектебінің директоры, еркін күрестен КСРО-ның спорт шебері Жаныс Ашимовқа, №8 Ж.Үшкемпіров атындағы спорт мектебінің директоры, самбо күресінен әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері М.Мухумовқа, жерлесіміз, самбо күресінен Әлем және Еуропа чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алмас Мұсабековке, сондай-ақ, төрешілер алқасы мен аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры А.Кокишевке алғысымызды білдіреміз»-дейді, аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әділхан Омаров бізбен болған әңгімесінде.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі тағайындаған дәрежелі Дипломдар және Кубоктармен,  сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Обновлено 28.04.2014 11:10
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін317
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада9339
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда5246
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256915

Серіктестер