Онлайн газет



МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫНАН

Дүйсенбі күнге шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІХ сессиясында ауданның әлеуметтік –экономикалық тұрғыдағы бірқатар мәселелері қаралды.
Оның күн тәртібіндегі, бірінші – «2014-2016 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №24-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және екінші – Даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерді дамыту бойынша аудандық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы қос мәселе бойынша депутаттар аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Д.Жақыпбековтің баяндамасын тыңдады.
Аталмыш мәселелердің тұрақты комиссияның бірлескен отырысында күні-бұрын жан-жақты талқыланғандықтан (кейбір анықтамалар мен түзетулерді айтпағанда) сұрақтар туындаған жоқ.
Халық қалаулылары екі мәселе бойынша әзірленген шешім жобаларын ретімен бір  ауыздан,  тұтастай қабылдады.
Сонымен қатар депутаттар аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 27 қыркүйектегі кезекті ХХХІІ сессиясының «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет салысының азаматтық қызметшілерінің  лауазымдарының тізбесін келісу туралы №32-7 шешіміне толықтыру енгізу туралы»  келесі мәселені қарап, ол бойынша да тиісті шешім қабылдады.
Кезектен тыс сессия жұмысына №11 Әуезов сайлау округінен депутат Есенқұлов Жамалбек Қожабекұлы төрағалық етті.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін239
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада9261
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда5168
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256837

Серіктестер