Онлайн газет



Жастар соғыс ардагерлерге көмектесуде

9 мамыр мерекесі қарсаңында аудан аумағында тұратын соғыс ардагерлерімен жүздесіп, олардың үй тіршіліктеріне қолғабыс жасап, жан-жақты қамқорлық көрсетуде аудан  жастары өзгелерге өнеге көрсетіп келеді. «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында  бір топ жастар Қызыл жұлдыз ауылында тұратын, 90 жастағы

соғыс ардагері Үсен Тағаевтың отбасында болды.
Алдымен аудандық ардагерлер  кеңесінің төрағасы Р.Шәметов  соғыс ардагерінің тыныс-тіршілігімен танысты, алдағы Жеңістің 69 жылдығымен құттықтады. Бұдан соң аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі “Жастар орталығы”  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  директоры М.Молдабаев  қарияның  иығына  шапан жауып, құрмет көрсетті. Н.Ақшабаев атындағы орта мектептің 9-10-сынып оқушылары, яғни  “Жас ұландықтар”  тазалық жұмыстарына көмектесті, ауланы сыпырып, ретке келтірді.
АНЫҚТАМА ҮШІН:
Үсен Тағаев 1924 жылы туылған. 15 жасында Жамбыл қант зауытына жұмысқа қабылданады. Ел басына күн туған шақта  майданға аттанады. Он сегіз жасар жігіт алдымен Шымкент қаласы маңына  жасақталған 102-атқыштар дивизиясының мектебінде оқу-жаттығудан өтеді. 1942 жылдың шілдесінде осы құрама сапында Украинаның Ворошиловград қаласы маңында ұрысқа кіреді.Сол ұрыста қоршауда қалып тұтқынға түскендердің ішінде Үсен аға да болады. Сталинск  қаласындағы  лагерьде ауыр да азапты күндерді бастан кешкен ол  партизандардың күшімен  жау тұтқынынан босанады. Сөйтіп Үсен Тағаев жеті ай бойы партизандармен бірге  неміс басқыншыларымен күреседі. 1943 жылы  1-ші Украина майданының құрама бөлімдерімен Үсен аға Балтық жағалауы, Чехословакия, Пруссия жерлерін жау шеңгелінен азат етуге қатысады. Германия жерлерінде соғысып,  Одер өзенінің жағасындағы Дрезден қаласына дейін барады. 
1945 жылы 9 мамыр күні тұтқындалып, “пленде болғансың” деген айып тағылып,  Коми АССР-на жер аударылады. Сол жерде 5 жыл жұмыс істеп, елге оралған Үсен аға соғыс кезінде көрсеткен ерлігі үшін ІІ дәрежелі “Отан соғысы” орденімен,  “Германияны жеңгені үшін”, “ Маршал Жуков”, “Жеңістің 20,30,40,50 жылдығы”, “Қарулы Күштердің 50,60,70 жылдығы” медальдарымен  марапатталған. Кіндігінен тараған он  перзентінен 37 немере, 57 шөбере,  бір шөпшек көріп отырған ардақты қарияның зайыбы Екатерина Бургардт  “Алтын алқа иегері” екен.
Қарт майдангер өзін құрметтеп келген жастарға батасын беріп, алғысын айтты.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 25.04.2014 09:54
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін506
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада9528
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда5435
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2257104

Серіктестер