Онлайн газет



Ардагерлер үйіндегі кездесу

Н.Сүгірбеков,
“Ауыл жаңалығы”.

Құқықтық мемлекет құру – егеменді еліміздің басты мақсаттарының бірі. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының Конституциялық құқықтарының қорғалуы  өте маңызды іс. Заңды күшіне ие, күнделікті өмірде қолданыста жүрген заң талаптарының бұлжытпай орындалуын, азаматтар құқықтарының қорғалуын қадағалау міндеті еліміздің құқық қорғау салаларына жүктелгені белгілі.
Дегенмен өзге өркениетті елдердегі сияқты қоғамымыздың сан түрлі салалары өкілдерінің құқықтарын қорғауды өз міндеті деп білетін мыңдап саналатын заңды және жеке тұлғалар баршылық.
Облысымыз аумағында 15 жылдан бері  - ардагерлер қауымының құқықтарын қорғап жүрген сондай ұйымның бірі  - «Поколение» қоғамдық бірлестігі.
Өткен аптада аталмыш бірлестік басшылығының бастамасы және аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен аудандық ардагерлер үйінде маңызы зоркездесу болып өтті.
Алдымен соғыс және еңбек ардагерлер қауымы мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының аудандық бөлімшесінің басшысы М.Биторсықов пен аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  маманы А.Түймебаевтар  жалпы әлеуметтік тұрғыдағы мәселелер (атап айтқанда, әлеуметтік жәрдемақы төлеу, зейнетақы тағайындау, емделу-сауықтыру орындарына жолдама алу) бойынша ардагер ағалардың көкейлерінде жүрген көптеген сұрақтарына жауап беріп, бұл салада заң тұрғыдан орын алған өзгерістер жайында жан-жақты мәлімет берді.
Бұдан соң «Поколение» қоғамдық бірлестігінің төрайымы З.Беляева аталмыш ұйымның негізгі функционалдық міндеттері, мұнда келгендегі басты мақсат, бүгінгі кездесудің жұмыс форматы, бірге келген әріптестері және оларға жүктелген міндеттер жайлы кіріспе сөзін де айтып өтті.
Сонымен бірлестіктің негізгі бағытына тоқтала кетсек – ардагерлер қауымын құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан қорғау болып табылады. Бүгінгі жұмыс жоспары  - аудандық ардагерлер қауымы арасында қоғамдық қабылдау өткізу арқылы олардың заңды құқықтарын түсіндіре отырып, оның бұзылуына жол бермеу қажетті жағдайда жан-жақты қолдау көрсету, сөз барысында ардагерлер қауымының, өмір көрген аға буын ретінде, қоғамды одан әрі қарай дамыту жолындағы атқарар рөлі, яғни еліміз болашағы – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, оларға барлық істе үлгі бола білу, мүмкіндігінше көбірек қалың бұқара арасында болып, өткен өмірдің ауыртпалықтары, өздерінің соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген балалық шақтары жайлы, өмірі өнегелі азаматтарды насихаттау, бір сөзбен айтқанда жалпы адами құндылықтар туралы әңгімелер айтып тәрбиелеу, халық арасында дұрыс пікір қалыптастырудың маңыздылығы, сонымен қатар, соңғы жылдары кейбір мемлекеттерде бас көтеріп келе жатқан неофашизм  белсенділерінің әрекеттеріне қарсы күрес жүргізу, таяу арада аталып өткелі отырған ҰОС-ның 69 жылдығы мерекесін өз деңгейінде өткізу, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындық жұмыстары, мерекелерге орай белгіленген іс-шаралар жоспары жан-жақты қызу әңгіменің, пікірталастың арқауына айналды.
Ретімен басқосу барысында көтерілген мәселелерге қатысты сөз сөйлеп, өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдіргендер қатарында Ә.Әлмұратов ақсақал күнделікті тұтынатын азық-түліктің қымбаттауы, емделу-сауықтыру орындарына жолдама алу жайын сөз етсе, Ө.Баушенов өткен балалық шағынан естелік айтты. Ал жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне қатысты Ермахан қажы Бердалы  дайын шығармашылық топтамасының барлығын айтып, оны басылым беттеріне  жариялауға қарсы емес екендігін жеткізсе, ал С.Айтбаев ағамыз өкімет тарапынан «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында жұмыссыз азаматтарға берілетін жеңілдетілген несиенің қолжетімділігі жайын сөз етті.
Өз кезегінде сөз алған қалалық тұтынушылар қоғамының координаторы, «Новый Регион» басылымының тілшісі Алексей Мирзоев ардагерлерге тұтынушы ретінде өз құқықтарын сауатты қорғау жолдары, қолданыстағы «Медиация» заңының мүмкіндіктері мен көздеген мақсаты турасында түсінік беріп, туындаған мәселелер бойынша қашанда қызмет көрсетуге дайын екендіктерін жеткізсе, ҚКХП-ның облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жанна Мамашева елімізде жұмыссыздықты жоюға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі, жемқорлықпен күрес жүргізудің тетіктері, оралман ағайындарға қатысты кейбір проблемалық мәселелер жайын сөз етті.
Бұдан әрі қарай кездесу сұрақ-жауап, еркін пікір алмасу түрінде жалғасып, ардагер ағаларды  мазалап жүрген көптеген сұрақтар көпшіліктің талқылауына түсіп, тиісті жауаптар алынды.
Алқалы жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шәметов қорытындылай келе, мұнда көтерілген мәселелер бойынша өз пайымын айтып, туындаған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар төраға ардагерлер қауымының қоғамдағы атқарар рөлінің маңыздылығы жайлы айтып, Ұлы Жеңіс мерекесіне дайындық мәселелерін пысықтады.
Кездесуге аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мырзахан Махамбетов қатысып, төрағалық етті.

Обновлено 25.04.2014 09:51
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін159
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада9181
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда5088
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256757

Серіктестер