Онлайн газет



ОБЛЫС ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдады. Бұл жолы 11 азамат келіп, толғандырып жүрген сауалдарын көтерді. Олардың қатарында Астана, Алматы, Тараз қаласының және Талас, Т.Рысқұлов аудандарының тұрғындары бар.
Азаматтар әлеуметтік жобаларды іске асыру, баспана және ауыз сумен қамту, жол белгілерін ретке келтіру, тұрғын үйді жекешелендіру және экология мәселесін көтерді.
Сондай-ақ, футбол алаңшасын соғу, көшеге кәріз жүйесін тарту, учаскелік полицияның жұмысын жүйелеу бойынша талаптарын жеткізді.
Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев сұрақтарды жіті тыңдап, көтерілген мәселелерге заң аясында жауап берді.
Облыс әкімі жауаптыларға тұрғындардың барлық сауалын толық зерделеп, шешімі табылғанша бақылауда ұстауды тапсырды.
Айта кетейік, аймақ басшысы 2023 жылдың қыркүйегі мен биылғы жылдың 28 мамыры аралығында 580-нен аса азаматты қабылдап, мәселелерімен танысты.
Бұдан бөлек, облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы 170-тен астам тұрғынның өтінішіне құлақ түрді.
Азаматтарды қабылдау жұмыстары жалғасады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін739
mod_vvisit_counterКеше1481
mod_vvisit_counterОсы аптада7979
mod_vvisit_counterӨткен аптада12089
mod_vvisit_counterОсы айда36086
mod_vvisit_counterӨткен айда50604
mod_vvisit_counterБәрі2776256

Серіктестер