Онлайн газет



НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Болат Сағынбеков жиын өткізді. Жиынға ауыл, ауылдық округ әкімдері, мамандарымен қатысты.
Онда алдымен аудан әкімдігінің ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы Әлібек Қуанышев ауданымыздағы мал басының есебі туралы хабарлама жасады. Хабарламада айтылғандай тиісті орындардан келген тексеру кезінде 8 ауыл, ауылдық округтер арасында жалғыз ғана Көптерек ауылдық округінде (әкімі Самат Күсемісов) ғана мал басының есебі дұрыс жүргізілгендігі белгілі болды. Ал қалған ауылдық округтерде шаруашылық кітабындағы мәліметтер мен мал дәрігерлерінің есебіндегі мәліметтер, сондай-ақ базадағы мал саны бір-біріне сәйкес келмейтіні анықталды. Сондай-ақ журналдарға мал иесінің қолдары қойылмағандарыда бар.
-Біз мал есебін дұрыс жүргізу туралы бірнеше рет айтып, тапсырмада бердік. Арнайы жұмысшы топ та құрдық. Барлығын жасадық дедіңіздер. Енді міне мамыр айының соңғы күні келген тексеруде көптеген кемшіліктердің беті ашылды. Мен түсінемін, мал болған соң өледі, болмаса егесі сатады, сояды, жоғалады. Ал ондай малдар базадан уақытылы шығарылып, мал дәрігерлерінің құжатымен сәйкес болуы керек. Мұндай тексерулер тағы да келеді. Мал есебін ретке келтіріп қойыңыздар,-деді Болат Мырзаханұлы.
Б.Сағынбеков ауыл, ауылдық округ әкімдеріне беріліп жатқан егін суын шаруалардың дұрыс пайдалануын қатаң қадағалауды тапсырды.
Жиында қаралған екінші мәселе «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2,5 пайызбен бизнеске берілетін жеңілдетілген несиеге деген сұраныс мәселесі қаралды. Бұл жерде несие мал алуға берілмейтіні алдын ала ескертілген.
Болат Сағынбеков әрбір ауыл, ауылдық округ әкімдіктерінен ұсынылған 153 жобаны қарап, сол жерде әкімдер мен мамандарының қатысуымен нақтылады. Алайда, олардың көбі талапқа сай келмейтінін, кейбір округтер өз жобаларын күнде ауыстырып жатқанын атап өтті. Өздері ұсынған жобаларға дұрыс жауап бере алмай жатқан әкімдерде кездесті. Округ әкімдері арасынан 10 жоба ұсынған Сазтерек ауылдық округінің әкімі Жұмабек Шайхиевті өзгелерге үлгі етті. Ол өздерінің жобалары талапқа сай екендігін айта келіп, оған қатысты сұрақтарға нақты жауап берді.
Болат Мырзаханұлы «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттен берілгелі отырған жеңілдетілген несиені алып, жұмыс істеу керектігін ауыл, ауылдық округ әкімдеріне тапсырды. Ал бұл ауылдағы халыққа мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған үлкен көмек екендігін атап өтті. Сондықтанда алдымен мұны ауыл тұрғындарына дұрыс түсіндіру, кімнің қандай іске бейімдігі барын айқындау керектігі баса айтылды. Несие құрал-жабдық алуға берілетіні, ал оған қажетті ғимаратты несие алушы өз есебінен соғуы керектігі ескертілді.

Сүндетулла АБЫЛАШҰЛЫ.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін483
mod_vvisit_counterКеше1348
mod_vvisit_counterОсы аптада7701
mod_vvisit_counterӨткен аптада8176
mod_vvisit_counterОсы айда32047
mod_vvisit_counterӨткен айда62198
mod_vvisit_counterБәрі2396307

Серіктестер